AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда туристерді құтқару амалдары пысықталды

Алматыда туристерді құтқару амалдары пысықталды

Әлеумет 23.11.2024, 15:10 896
Алматыда туристерді құтқару амалдары пысықталды
Сурет: 24.kz

Алматылық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Шымбұлаққа апаратын аспалы жолдан туристерді құтқару амалдарын пысықтады, деп хабарлайды aqshamnews.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 

«Қыс-2024» оқу-жаттығуының сценарийі бойынша тау-шаңғы курортына бара жатқан кабина кенеттен тоқтап қалады. Мұндай жағдайда құтқарушыларға өте жылдам қимылдауға тура келеді. Себебі қатты суықтан ішінде қалған адам үсіп қалуы мүмкін.

Алматы таулы аймақ болғандықтан, экстремалды спорт түріне қызығушылар көп. Тауға шаңғы мен сноуборд тебетіндер жиі келеді. Сондықтан құтқарушылар әртүрлі жағдайға дайын болуы тиіс.

Оқу-жаттығудың бір бөлімі рұқсат етілмеген жерге кетіп қалған екі туристі құтқаруға арналды. Шараға қалалық төтенше жағдайлар департаменті, Республикалық жедел-құтқару жасағы, Апаттық медицина орталығы, сондай-ақ қалалық құтқару қызметі тартылды. Барлығы 260 адам мен 77 техника жұмылдырылды. 

Нұрлан Атығаев, қалалық ТЖД бастығы: - Үшінші нысан ретінде «Алматыжылукоммунэнерго» серіктестігін таңдадық. Ондағы автономды қазандықтардың бірінде болған апатты қалпына келтірдік. Көпқабатты тұрғын үйлердің жылудан ажырап қалмауына жол бергеніміз жоқ. Құтқарушылардың барлығы өз ісін жетік меңгерген. Техника да жеткілікті. Сондықтан барлығын белгінген уақытта атқарып шықты.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #туристер #құтқару
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы Тұңғыш Президент саябағы қайта жаңғырту кезеңінде толық жабылады

Бүгін 09:05

Алматыда өткен тәулікте 1 826 рет жол ережесі бұзылған

Бүгін 08:58

Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы түнгі уақытта шектеледі

Кеше 19:33

«Кітап оқитын ұлт» марафонына 100 мыңнан астам қатысушы тіркелді

Кеше 18:21

Қазақстанда 2026 жылғы қаңтар-маусым айларында ЖІӨ 4,1%-ға өсті

Кеше 17:46
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);