Алматыда тұрғын үйдің ауласынан мопед ұрлаған күдікті ұсталды

Алматыда тұрғын үйдің ауласынан мопед ұрлаған күдікті ұсталды Сурет: Polisia.kz

Танк маркалы мопед ұрлығының «ізі суымай» ашылды.


Бұл қылмысқа қатысты күдікті ретінде 20 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 



«Түн ортасында 20 жастағы К.есімді күдікті Радищев көшесі бойында орналасқан жеке тұрғын үйдің ауласына кіріп, мопедті ұрлап кеткен. Күдіктіні “Буран-174” экипажы ұстады. Ұрланған мопед көлігі заттай айғақ ретінде сот алды тергеу тізіліміне ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркелген қылмыстық іс бойынша тәркіленді. Күдіктінің осы іспеттес өзге қылмыстарға қатысы болуы мүмкін деген болжамдар толық қарастырылатын болады», – деді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов.



ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды. ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:01

15:10

14:15

12:31

11:47

11:18

17:13

16:34

16:33

16:32

16:30

16:29

16:27

16:26

16:22

16:18

16:17

16:11

16:09

16:02

15:50

15:47

15:44

15:36

15:21