Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда түнгі ойын-сауық мекемелеріне рейд жүргіз...

Алматыда түнгі ойын-сауық мекемелеріне рейд жүргізілді

Заң мен тəртіп 19.08.2025, 12:27 451
Алматыда түнгі ойын-сауық мекемелеріне рейд жүргізілді
Сурет: Polisia.kz

Алмалы аудандық полиция басқармасының қызметкерлері учаскелік инспекторлардың, ювеналды полицияның, криминалдық полицияның және көші-қон қызметінің қатысуымен профилактикалық іс-шара өткізді, деп хабарлайды aqshamnews.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Рейдтің мақсаты – түнгі уақытта тұрғындардың мазасын жиі алатын ойын-сауық мекемелерінің заңнама талаптарын сақтауын бақылау. Тексеру барысында қоғамдық тәртіпті бұзу, ғимаратта кәмелетке толмағандардың болу ережелерін сақтамау және көші-қон заңнамасын бұзу деректері анықталды. Мысалы, барлардың бірінде тыныштықты және көші-қон ережелерін бұзуға қатысты төрт әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Тағы бір мекемеде осындай екі дерек анықталды. Сондай-ақ темекі өнімдерін, кальян мен электронды шылымдарды шегуге тыйым салу талаптарын бұзудың 17 дерегі тіркелді.

- Мұндай іс-шаралар тұрақты түрде өткізіледі. Басты мақсат – құқық бұзушылықтардың алдын алу, тұрғындардың тыныштығы мен қауіпсіздігін сақтау. Алматы полициясы бұл бағытта жүйелі түрде жұмысын жалғастыратын болады. Сонымен қатар ойын-сауық орындарының иелеріне заң талаптарын қатаң сақтаудың, қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың түнгі клубтар мен барларда болуына жол бермеудің маңыздылығын еске саламыз, – деді Алмалы аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары Ержан Оразаев.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #полиция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Бүгін 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Бүгін 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Бүгін 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика