Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда тұмауға қарсы егу басталды

Алматыда тұмауға қарсы егу басталды

Әлеумет 25.09.2023, 05:30 1,415
Алматыда тұмауға қарсы егу басталды
almaty-akshamy.kz

Қыркүйектің 25-інен бастап қаланың барлық емханасында тұмауға қарсы екпе егу науқаны басталады, бұл туралы Алматы Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Халықты иммундау үшін тұмауға қарсы «Гриппол+» вакцинасының 250 мың дозасы сатып алынды. 
«Гриппол+» инактивацияланған вакцина Ресейде өндірілген және құрамында тұмау вирусының А (H1N1 және H3N2) және В қосалқы типінің штамдары бар.



Егуге бірінші кезекте медицина қызметкерлері, медициналық мекемелерде есепте тұрған балалар, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, жүкті әйелдер мен 60 жастан асқан адамдар жатады.
Негізгі ауруға байланысты тұмаудың неғұрлым ауыр түріне бейім адамдар да вакцинациялануы керек.



Вакцинация науқаны қараша айының соңына дейін жалғасады. Тұмауға қарсы екпеден кейін толық иммунитетке жету үшін екі апта қажет. Осы уақыт ішінде тұмау және басқа вирустық ауру белгісі бар адамдармен қарым-қатынасты шектеген жөн.



Дәрігерлер тұмау асқыну мен өлім қатеріне байланысты қауіпті екенін еске салады. Егер кейбір адам тұмаумен ауырғанда, бірнеше күн ғана қиналса, тұмау нәрестеге, қарт адамға және иммунитеті әлсіреген адамға жұқса, оларда ауру қатты асқынып, тіпті өлімге әкелуі мүмкін.



Вакцинация тұмаудың алдын алудың және ауыр асқынудың қаупін азайтудың ең жақсы әдісі болып қала береді (ауру жұққанның өзінде де).


Тұмаудың алдын алу үшін адамдар көп жиналатын жерге баруды шектеу және үй-жайды үнемі желдету ұсынылады. Сондай-ақ, мүмкіндігінше, ауырған адамдармен қарым-қатынасты шектеген жөн. Егер тұмау немесе ЖРВИ белгілері пайда болса, дереу медициналық көмекке жүгініңіз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #тұмау #екпе #дәрігер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Open Almaty арқылы өтініш қабылдауға арналған бірыңғай 109 нөмірі іске қосылды

Бүгін 20:28

Танымал дзюдошы Әбиба Әбужақынова Ұлттық ұлан әскери қызметшілерімен кездесті

Бүгін 19:27

Исламда эвтаназияға неге рұқсат етілмейді?

Бүгін 18:24

Алматы әуежайын жаңғырту: терминал мен автотұрақтардың қызмет көрсету мүмкіндігі екі есеге артады

Бүгін 17:52

Алматыда демалыс күнгі жәрмеңкелер жаңғыртылады

Бүгін 17:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика