Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматыда туберкулезді емдеу тиімділігі халықаралық...

Алматыда туберкулезді емдеу тиімділігі халықаралық стандарттан да жоғары болып шықты

Медицина Бүгін 12:00 32
Алматыда туберкулезді емдеу тиімділігі халықаралық стандарттан да жоғары болып шықты
depositphotos

Алматыда туберкулез бойынша жаңа деректер ұсынды: емдеу тиімділігі халықаралық стандарттан да жоғары болып шықты, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

24 наурыз – Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне орай өтетін айлық аясында Өңірлік коммуникациялар қызметінде баспасөз конференциясы болып өтті. Биыл Қазақстандағы науқан «Біз туберкулезді жеңеміз! Қазақстан көш басында. Инновация мен халықтың күші» деген атпен өтпек. ҚР Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының директоры Мәлік Әденовтың айтуынша, соңғы үш жылда республикада туберкулезбен сырқаттану, өлім-жітім мен аурудың таралу көрсеткіші едәуір төмендей бастаған, емдеу мен диагностика да халықаралық стандартқа сай келеді.

Қызметтің деректеріне сәйкес, 2025 жылдың қорытындысы бойынша туберкулезбен сырқаттанушылық 9,9%-ға төмендеп, 100 мың тұрғынға шаққанда 30,1-ді құрады (2024 жылы – 33,4). 2025 жылы 6 130 жаңа туберкулез жағдайы тіркелді (2024 жылы – 6 740 жағдай).Қазақстан Республикасы бойынша туберкулездің таралу көрсеткіші 12,8%-ға төмендеп, 100 мың тұрғынға шаққанда 38,9-ды құрады (2024 жылы – 44,6). Туберкулезден болатын өлім-жітім көрсеткіші 10,0%-ға азайып, 100 мың тұрғынға шаққанда 0,9 болды (2024 жылы – 1,0).

0–17 жас аралығындағы балалар арасында туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткіші 11,8%-ға төмендеп, 100 мың балаға шаққанда 7,5-ті құрады (2024 жылы – 8,5). 2025 жылы Қазақстан Республикасында туберкулезден қайтыс болған 0–17 жас аралығындағы балалардың өлімі тіркелген жоқ.

«Туберкулез – ауа-тамшы жолымен берілетін жұқпалы ауру. Алайда дер кезінде анықталып, дұрыс ем жүргізілген жағдайда толық жазылады. Мемлекет туберкулезге қарсы қызметке саяси және нормативтік қолдау көрсетеді, бұл ҚР “Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы” кодексінде бекітілген. Барлық емдеу хаттамалары ДДҰ ұсынымдарына сәйкестендірілген», – деді Мәлік Әденов.

Ол бүкіл ел бойынша алғашқы медициналық-санитариялық көмек деңгейінде ПТР қолдану арқылы туберкулезді және оның дәріге төзімді түрлерін анықтаудың замандық жедел әдістері енгізілгенін атап өтті. Нәтижені, соның ішінде негізгі туберкулезге қарсы препараттарға сезімталдықты анықтауды қоса алғанда, екі сағат ішінде алуға болады. Өңірлік фтизиопульмонология орталықтарында халықаралық стандартқа сай барлық зертханалық әдістерге 100% қолжетімділік қамтамасыз етілген, Ұлттық референс-зертханада толық геномдық секвенирлеу енгізілген. Туберкулез инфекциясын диагностикалау үшін Манту сынамасы, Диаскинтест пен квантиферондық тест (IGRA) қолданылады. Барлық өңірлер қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген.

«Біз қазір ерте анықтауға тырысамыз. Науқас диагнозды неғұрлым ерте алса, соғұрлым тиімді ем ертерек басталып, инфекцияның таралу қаупі де төмендейді. Біз молекулалық-генетикалық әдістерді белсенді енгізіп, зертханалық қызметті күшейтіп жатырмыз. Бұл жағдайды бақылауда ұстауға мүмкіндік береді», – деді спикер.

Қазақстанда жоғары қауіп топтары мен міндетті контингенттер арасында флюорографиялық скрининг, сондай-ақ балалар арасында туберкулиндік диагностика жалғасып жатыр. Алдын алудың маңызды бөлігі – БЦЖ вакцинациясы. 2025 жылы 330 397 жаңа туған нәрестенің 312 155-і (94,3%) перзентханаларда егілді, қосымша 6 804 бала алғашқы медициналық ұйымдарда вакцина алды. Бір жасқа дейінгі балаларды вакцинациялау қамтылуы 96%-дан асты, ал ДДҰ стандарты – кемінде 95%. Зерттеуге сәйкес, егілген балалар туберкулезбен 15 есе сирек ауырып, ауруды жеңіл өткізеді.

Туберкулез инфекциясының профилактикалық емі көлемі едәуір кеңейтілді. 2025 жылы оны 15 427 адам алды, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 58,4%-ға көп. Ересектер арасында қамту 113,6%-ға, балалар арасында 26,2%-ға артты. Ұзақтығы бір айдан үш айға дейінгі қысқа мерзімді жаңа профилактикалық емдеу режимдері, оның ішінде «Рифапентин» препараты қолданылып жатыр. Профилактикалық емнің тиімділігі 90%-дан асты.

«Профилактикалық ем – аурумен күрестегі стратегиялық құралымыз. Әсіресе ересектер арасында қамтудың айтарлықтай артқанын көріп отырмыз. Қысқа режимдер пациенттерге ыңғайлы және емге бейілділікті арттырады. Бұл туберкулез инфекциясының белсенді түрге өтуінің алдын алуға қосқан үлес», – деп атап өтті орталық директоры.

Оның айтуынша, елде дәріге көптік және кеңейтілген төзімділігі бар жағдайларды қоса алғанда, барлық пациенттер үшін туберкулезге қарсы препараттарға толық әрі тегін қолжетімділік қамтамасыз етілген. Күту парағы жоқ. Инъекциялық препараттарды қолдану толық тоқтатылды, бұл емге бейілділікті арттырады. Дәріге төзімді туберкулезді емдеу мерзімі ДДҰ ұсынымдарына сәйкес 24 айдан 9–12 айға дейін қысқартылды, ал 2024 жылдан бастап бұрын 18 айға дейін созылатын емді алмастырған «Претоманид» препараты қолданылатын жаңа алты айлық режим енгізілді.

2025 жылы дәріге сезімтал туберкулезді емдеу тиімділігі 90,5% болды (ДДҰ стандарты – кемінде 90%), дәріге төзімді түрлерінде – 85,3% (стандарт – кемінде 85%). Алты айлық BPaL режимі 100% тиімділік көрсетті, BPaLM – 94,2%; тоғыз–он екі айлық режимдер – 83,3%-дан 87%-ға дейін, бұл ДДҰ стандарттарынан жоғары.

Амбулаториялық емдеу үшін елде тікелей бақыланатын емнің екі мыңнан астам кабинеті жұмыс істейді. Былтырғы қорытынды бойынша амбулаториялық ем қабылдап жатқан 5 708 пациенттің 57,9%-ы тікелей бақыланатын ем кабинеттерінде, 39,2%-ы смартфон арқылы бейнебақылау режимінде ем алады. Сондай-ақ күндізгі стационарлар, үйде емдеу мен мобильді бригадалар қолданылады. Барлық ақпарат «Дәрілік қамтамасыз ету» және «НРБТ» ақпараттық жүйелерінде тіркеледі.

Әлеуметтік қолдауға ерекше назар аударылады. 2025 жылы пациенттердің 95%-дан астамы 2,2 млрд теңге сомасына әлеуметтік қолдаумен қамтылды, бұл туберкулезге қарсы ұйымдар бюджетінің 5,2%-ын құрайды. Қолдау банктік карталарға төлемдер, азық-түлік пакеттері, ыстық тамақ пен жол шығындарын өтеу түрінде көрсетіледі.

«Пациент мемлекет пен қоғамның қолдауын сезінуі керек. Әлеуметтік төлемдер мен сүйемелдеу емге бейілділікті сақтауға және емді үзу қаупін азайтуға көмектеседі. Бұл бағытта біз жергілікті атқарушы органдармен және үкіметтік емес ұйымдармен белсенді жұмыс істейміз», – деді Малик Аденов.

2026 жылы туберкулезге қарсы қызмет ұлттық ақпараттық жүйелерді, қашықтан мониторинг пен мобильді шешімдерді одан әрі дамытуды, нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіруді, сондай-ақ ауруды ерте анықтау үшін алғашқы медициналық-санитариялық көмек желісіне жасанды интеллект енгізуді жоспарлап отыр. Зертханалық диагностиканы, толық геномдық секвенирлеуді және заманауи емдеу режимдерін жетілдіру, кадрларды даярлау және жоғары қауіп топтарымен жұмысты кеңейту жалғасады.

Спикер атап өткендей, туберкулезді қоғамдық денсаулық сақтау мәселесі ретінде жою мен елдегі тұрақты оң динамиканы сақтау басты міндет болып қала береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда ҮЕҰ осал топтағы туберкулезбен ауыратын науқастарды сүйемелдейді

Бүгін 12:26

Алматыда жастармен «Заң мен тәртіп» тақырыбында кездесу өтті

Бүгін 12:23

25 ақпанда сиреналар қосылады: алматылықтарға ескерту жасалды

Бүгін 12:16

Алматыда туберкулезбен ауыру 60%-ға азайды

Бүгін 12:06

Алматыда Қазақстанда туберкулезден болатын өлім-жітім 5 есеге азайғаны айтылды

Бүгін 11:54
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі