AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда трамплин маңында жүздеген тұрғын қатысқан...

Алматыда трамплин маңында жүздеген тұрғын қатысқан сенбілік ұйымдастырылды

Алматы 11.04.2026, 12:59 207 Сұлу
Алматыда трамплин маңында жүздеген тұрғын қатысқан сенбілік ұйымдастырылды
Алматы әкімдігі

Алматы қаласының Бостандық ауданында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында сенбілік өтті. Іс-шара өткен негізгі алаңдардың бірі — халықаралық шаңғы трамплиндерінің аумағы болды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Акцияға аудан тұрғындары, аға буын өкілдері мен жастар белсенді қатысты. Қатысушылар аумақты тазалап, қоқыс жинады, құрғақ шөптерден арылтып, іргелес аумақты ретке келтірді.

Сенбілікке қатысушыларға қолайлы жағдай жасалды: музыка қойылып, аниматорлар жұмыс істеді. Бұл іс-шараның көңілді әрі тартымды атмосферада өтуіне ықпал етті.

Сенбілікке ауданның белсенді ұзақ өмір сүру орталығының өкілдері — Галина Левченко, Айшам Войнце және Райхан Төлебаева да белсене қатысты.

«Біз мұндай акцияларға жібермей қатысамыз. Бала кезден тазалық пен әсемдікке жауапкершілікпен қарауды үйрендік. Әр адам өзі тұратын жерді күтіп, оны көркейтуге ұмтылуға тиіс», — деді зейнеткер.

Айшам Войнце мұндай іс-шараларға қатысу арқылы өз немерелеріне және өскелең ұрпаққа үлгі көрсетіп жүргенін атап өтті.

«Жастар бізге қарап бой түзейді. Біз күрек алып, сенбілікке шықсақ, олардың да қатысуға тиіс екенін түсінеді. Мұны өз немерелерімізден де көріп жүрміз — олар мектептегі сенбіліктерге қатысып, туған қаласын таза ұстауға тырысады. Демек, біз дұрыс бағытта келеміз», — деді ол.

Акцияға жастар да белсенді түрде қосылды.

«Біз мұндай экологиялық бастамаларға үнемі қатысамыз. Саналы мәдениетті қалыптастыру маңызды. Бұл жастарды біріктіреді әрі қаланың тазалығы әрқайсымызға байланысты екенін көрсетеді», — деді Newman еріктілер ұйымының өкілі Айзере Маратқызы.

Жалпы, аудан бойынша сенбілік үш алаңда өтіп, 14 бірлік арнайы техника тартылды. Іс-шараға жүздеген тұрғын қатысты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #тазалық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойына арналған айрықша үлес

Бүгін 15:31

Алматыда қоғамдық көлік жүйесі мен жол қозғалысы жаңғыртылып келеді

Бүгін 15:28

Алматыда Балаларды қорғау күніне орай тегін медициналық тексерулер мен кеңестер өтеді

Бүгін 15:26

96 алматылық бір күнде АИТВ-ға жедел тест тапсырды

Бүгін 14:03

Тау кластеріне қатысты бірнеше экологиялық миф жоққа шығарылды

Бүгін 12:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);