Алматыдв инженерлік желілерде жоспарлы жұмыстардың жүргізілуіне байланысты Төле би көшесінің Тілендиев және Брусиловский көшелерінің аралығында автокөлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Аталған учаскеде қозғалыс 2026 жылы 18 шілде сағат 20:00-ден 19 шілде сағат 13:00-ге дейін толықтай жабылады.

Қала тұрғындары мен қонақтарына жол бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша енгізілетін шектеуді ескеруге және уақытша жол белгілерінің талаптарын сақтауға кеңес беріледі.