AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда «Тіл шебері» қалалық байқауы өтеді

Алматыда «Тіл шебері» қалалық байқауы өтеді

Алматы Кеше 12:06 12
Алматыда «Тіл шебері» қалалық байқауы өтеді

Жастар арасында қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген үздік қатысушыларды анықтауға бағытталған, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматы қаласында 2026 жылғы 1 желтоқсан күні мемлекеттік мекеме қызметкерлері мен жоғары оқу орындары жастары арасында қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген үздік қатысушыларды анықтауға бағытталған «Тіл шебері» қалалық байқауы өтеді.

Байқау Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының тапсырысымен «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Алматы қалалық филиалының ұйымдастыруымен өткізіледі.

Байқаудың мақсаты – мемлекеттік мекеме қызметкерлері мен жоғары оқу орындары жастарының қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгеруге деген қызығушылығын арттыру, тілдік құзыреттілігін дамыту, тіл мәдениетін жетілдіру және көптілді тұлғаның кәсіби әрі жеке дамуына ықпал ету.

Байқауға Алматы қаласындағы мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері мен жоғары оқу орындарының студенттері қатыса алады.

Байқау үш кезеңнен тұрады: І кезең – «Сөзтаным» (қазақ тілінде), ІІ кезең – «Елтаным» (орыс тілінде), ІІІ кезең – «Ойтаным» (ағылшын тілінде).

Қатысушылардың білімі мен шеберлігін қазылар алқасы бағалап, жеңімпаздар сол күні анықталады. Үздік деп танылған қатысушылар мен олардың жұмыстары туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен насихатталып, байқау нәтижелері интернет-ресурстар мен мерзімді басылымдарда жарияланады.

Іс-шараға мемлекеттік қызметшілер, ақын-жазушылар, өнер қайраткерлері, саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, БАҚ тілшілері, қала тұрғындары, студент жастар мен оқушылар шақырылады.

Аталған жоба көптілділік мәдениетін қалыптастыруға, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгеру дағдыларын жетілдіруге, сондай-ақ үш тілді еркін меңгеріп, оларды кәсіби қызметінде тиімді қолдана білетін білікті мамандарды анықтауға, қолдауға және ынталандыруға бағытталған.

Өтетін орны мен уақыты: 2026 жылғы 1 желтоқсан сағат 10:00 (қатысушыларды тіркеу 09:30-да басталады), Алматы қаласы, Достық даңғылы, 13, М. Әуезов атындағы №102 конференц-зал.

Өтінім қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 27 қарашаға дейін kazqogamyalmaty@gmail.com, qazaq.tilshehiri2026@gmail.com (Бота Бакытжановна) электронды поштасы арқылы.

Байланыс телефоны: +7 701 664 2721

Ұйымдастырушылардың ресми парақшалары:

Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы Тілдерді дамыту және ономастика бөлімі:

Instagram: @almaty_til

«Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Алматы қалалық филиалы:

Instagram: @almaty_qazaq_tili_qogamy

TikTok: @almaty_qazaq_tili_qogamy

YouTube: @almaty_qazaq_tili_qogamy

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада ағаштарға цифрлық паспорт беру бастамасы іске қосылды

Бүгін 19:38

Қазақстан Халық Кеңесі Павлодарда кәсіподақтармен кездесу өткізді

Бүгін 19:33

Мемлекет басшысы Парламентаралық одақ президенті, Аустралия Парламенті Өкілдер палатасының спикері Милтон Дикті қабылдады

Бүгін 19:15

Мақта, жылыжай, жергілікті өндіріске арналған өнеркәсіп паркі: Серік Жұманғарин Түркістан облысы өндірушілерінің жұмысымен танысты

Бүгін 17:45

«Заң мен тәртіп»: Алматы колледждерінде жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары күшейтілуде

Бүгін 17:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);