AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматыда Терапевт мамандар мектебі өтті

Алматыда Терапевт мамандар мектебі өтті

Медицина 20.02.2026, 09:44 222 yakiya
Алматыда Терапевт мамандар мектебі өтті

2026 жылы 19 ақпанда Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында Терапевтер мектебі ұйымдастырылып, қаладағы стационарлық және амбулаториялық қызмет арасындағы ашық кәсіби диалог алаңына айналды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Іс-шараға емхана мен стационар дәрігер-терапевтері, жалпы тәжірибе дәрігерлері және кардиологтар қатысты.

Кездесудің басты тақырыбы полиморбидті патологиясы бар науқастарды жүргізуге арналды. Бүгінде дәл осындай пациенттер денсаулық сақтау жүйесіне негізгі жүктемені қалыптастырып, үйлестірілген әрі клиникалық тұрғыдан негізделген шешімді талап етеді.

Ерекше назар:

- өкпе артериясының тромбоэмболиясын уақтылы диагностикалау және жүргізу тәсілі;

- шеткері артериялар ауруы бар науқастарды басқару;

- созылмалы коронарлық синдром және мультифокальды атеросклероз кезінде кезең-кезеңімен диагностика жүргізу және диагнозды дұрыс қою;

- созылмалы жүрек жеткіліксіздігі кезінде дәрілік терапияның заманауи тәсілдері сияқты жайларға аударылды.

Спикерлер ретінде практикалық денсаулық сақтау саласының танымал сарапшылары сөз сөйледі:

қантамыр хирургы, флеболог Сұлтан Илиев;

ҚЖШККА терапия бөлімшесінің меңгерушісі, дәрігер-терапевт, жоғары санатты кардиолог, м.ғ.к. Фарида Рустамова;

С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті кафедрасының қауымдастырылған профессоры, жоғары санатты кардиолог Айжан Әлмұханова болды.

Пікірталас бөлімінде қатысушылар нақты клиникалық жағдайларды талдап, амбулаториялық кезеңдегі жиі кездесетін қателіктерді, пациенттерді уақтылы госпитализациялау критерийлерін және медициналық көмектің әр деңгейі арасындағы өзара іс-қимыл алгоритмдерін талқылады.

Терапевтер мектебі дәрігерлердің кәсіби тәжірибе алмасуға жоғары қызығушылығын көрсетті және стационар мен емхана арасындағы тұрақты диалог ауыр декомпенсация санын азайтуға әрі ем нәтижесін жақсартуға тікелей әсер ететінін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Осындай білім беру іс-шараларын өткізу тәжірибесі алдағы уақытта да жалғасатын болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#терапевт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда «Biken Fest» IV халықаралық театр фестивалі өтеді

Бүгін 19:09

«Ән іздеген Асанқайғы»

Бүгін 19:08

Қытайдағы шахтада газ жарылып, 90 адам қаза тапты

Бүгін 17:28

Алматыда із-түзсіз жоғалған Ерзат Егізбайға қатысты тың дерек шықты

Бүгін 15:51

Қайрат Закирьянов жас футболшы Дастан Сатпаевқа арнайы академиялық грант табыстады

Бүгін 15:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);