Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда тауық еті мен қант бағасы тұрақтандырылма...

Алматыда тауық еті мен қант бағасы тұрақтандырылмақ

Барлығы 25.11.2025, 10:19 333
Алматыда тауық еті мен қант бағасы тұрақтандырылмақ
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі 

Алматы қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағасын тұрақтандыру тетіктерін іске асыру аясында «Алматы» ӘКК» АҚ «Алатау-құс» компаниясымен тауық етін (сан еті) жеткізу және сату бойынша форвардтық қарыз шартына қол қойды. «Алатау-құс» 30 фирмалық дүкенге 358,8 тонна тауықтың сан етін жеткізіп, қала тұрғындарына келісін 1650 теңгеден сатады. Тұрақтандыру мерзімі - 24 ай. Бұл туралы «Алматы» ӘКК» өкілдері хабарлады.

Бұған дейінгі келісім негізінде «Алатау-құс» компаниясы тауықтың сан еті мен жамбасын тұрғындарға келісін 1100 теңгеден сатып отыр. 

Сондай-ақ, «Алматы» ӘКК» жергілікті өндірушілерден 4500 тонна құмшекер сатып алды. Отандық қант «Magnum», «Small», «Toimart», «Столичный», «Юбилейный» және өзге сауда желілерінде 10%-дан аспайтын үстемақымен сатылады. Өндіруші бекіткен баға – келісіне 405 теңге. Тұрақтандыру келесі жылдың қарашасына дейін жалғасады.

Айта кетейік, биыл наурыз айында «Алматы» ӘКК» мен «Magnum Cash&Carry» арасында әлеуметтік маңызы бар 11 түрлі азық-түлік тауарының бағасын тұрақтандыруға бағытталған келісім жасалған болатын. Жалпы көлемі – 606 тонна. Тізімге қарақұмық жармасы, макарон өнімдері (өлшеніп сатылатын), күріш, күнбағыс майы, майлылығы 2,5% жұмсақ қаптамадағы айран, майлылығы 72,5% сары май, майлылығы 2,5% пастерленген жұмсақ қаптамадағы сүт, тауық еті (сан, жамбас), бірінші сұрыпты ұн, сиыр еті (жауырын-кеуде бөлігі) және ас тұзы енді. Бағаны тұрақтандыру шаралары 2026 жылы наурызға дейін жалғасады.

Тауық жұмыртқасының құнын тұрақтандыру бағытында «Сары-Бұлақ» компаниясымен 2024 жылы қазаннан 2027 жылы қазанға дейін бірінші санаттағы 86,4 млн дана жұмыртқа өндіру және өткізу жөніндегі келісім жүзеге асып отыр. Өнім қаладағы ірі сауда желілеріне, «Алатау-Құс» фирмалық дүкендеріне және шағын дүкендерге жеткізіледі. Өндіруші белгілеген баға – данасы 51 теңге, ал сауда орындарында үстемақы 15%-дан аспауға тиіс.

Бұған қоса, Алматыда әр сенбі және жексенбі күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Бұл жерлерде әлеуметтік маңызы бар өнімдер нарықтағы бағадан 15-20% төмен саудаланады. Жәрмеңке қаланың бес ауданында ұйымдастырылады:

* Алмалы ауданы — Масанчи көшесі (Әйтеке би және Гоголь көшелерінің арасы);
* Алмалы ауданы — Жамбыл мен Әуезов көшелерінің қиылысы;
* Әуезов ауданы — Өтеген батыр көшесі (Абай даңғылынан төмен);
* Бостандық ауданы — Қазақфильм шағынауданы (әл-Фараби даңғылынан жоғары);
* Медеу ауданы — Меңдіқұлов бульвары – Бектұров көшесі;
* Жетісу ауданы — Құлагер шағынауданы, Серіков көшесі, 2.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#сауда #тауық еті #қант
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Сенатор Бибігүл Жексенбай референдум қарсаңында "Қазатомөнеркәсіп" ұжымымен кездесті

Бүгін 08:51

Дәрігер адамның жүрісі психикалық жағдайға қалай әсер ететінін түсіндірді

Кеше 17:31

Алматыда терроризмді насихаттау және жалған хабарлама үшін жауаптылық еске салынды

Кеше 17:14

Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған салтанатты концерт өтті

Кеше 17:14

Алматыда «Жасыл болашақ» жобасы басталды

Кеше 17:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі