AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы құшағында / Алматыда тәулік бойы жұмыс істейтін кітапханалар ж...

Алматыда тәулік бойы жұмыс істейтін кітапханалар желісі кеңейтіліп келеді

Алматы құшағында 28.02.2026, 14:18 356 Дина
Алматыда тәулік бойы жұмыс істейтін кітапханалар желісі кеңейтіліп келеді
Алматы әкімдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «ешқашан ұйықтамайтын мегаполис» қалыптастыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Алматыда тәулік бойы қызмет көрсететін кітапханалар желісін кеңейту жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда. 1 наурыздан бастап Алмалы ауданында орналасқан А. П. Чехов атындағы Орталық қалалық кітапхана (Гоголь көшесі, 109) мен Наурызбай ауданындағы Алматы кітапханаларының филиалы (Бельгер көшесі, 1Б) тәулік бойы жұмыс істеу режиміне көшеді.

2023 жылдың қыркүйек айынан бастап Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасы, Alatau Creative Hub орталығы және Мұхтар Әуезов атындағы кітапхана оқырмандарға тәулік бойы қызмет көрсетіп келеді. Ал биыл ақпан айынан бастап бұл қатарға Қазақстан жазушылары кітапханасы мен Розыбакиев көшесі, 247/7 мекенжайында орналасқан Алматы кітапханаларының филиалы қосылды. Соның нәтижесінде тәулік бойы жұмыс істейтін кітапханалар саны беске жетіп, ал 1 наурыздан бастап олардың жалпы саны жетіге дейін артады. Бұл заманауи қалалық инфрақұрылымды дамыту және мегаполис тұрғындарының білімге қолжетімділігін кеңейту жолындағы маңызды қадам.

Гоголь көшесі, 109 мекенжайында орналасқан А. П. Чехов атындағы Орталық қалалық кітапхана 1931 жылдан бері үздіксіз қызмет етіп келеді және қаланың білім беру мен мәдени өмірінде айрықша орын алатын тарихи-мәдени нысан саналады. Ғимараттың жалпы аумағы 1 572,6 шаршы метр, ал кітап қоры 100 мыңнан астам данаға жетеді.

Бельгер көшесі, 1Б мекенжайында орналасқан Алматы кітапханаларының филиалы 2026 жылы 9 қаңтарда ашылған. Филиалдың мазмұнды кітап қоры мен заманауи материалдық-техникалық базасы әртүрлі жас санатындағы және қызығушылықтағы оқырмандардың сұранысын толық қамтамасыз етеді. Ғимараттың жалпы аумағы 614 шаршы метр, ал кітап қоры шамамен 9 мың дана.

Аталған екі кітапханада да жоғары жылдамдықтағы интернетке қосылған компьютерлер мен Wi-Fi желісі қолжетімді, Almaty-library кітапханалық-ақпараттық жүйесі жұмыс істейді, сондай-ақ RFID қақпалары мен өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары орнатылған. Сонымен қатар, ерекше қажеттілігі бар азаматтарға арналған арнайы жабдықталған жұмыс орындары қарастырылған. Олар көру қабілеті төмен және зағип оқырмандарға арналған Брайль бағдарламалары мен дыбыстық интерфейстермен қамтамасыз етілген.

Тағы екі кітапхананың тәулік бойы қызмет көрсету режиміне көшуі қала тұрғындарына өздеріне ыңғайлы уақытта білім алуға, еңбек етуге, шығармашылық жобаларды жүзеге асыруға және мәдени демалысты тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Бұл бастама ақпаратқа еркін қолжетімділікті қамтамасыз етіп, қала тұрғындарының зияткерлік әрі қоғамдық дамуына оң ықпал етеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы цифрландырудың елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын негізгі фактор екенін айтты

Бүгін 20:14

Мемлекет басшысы Еуразиялық көлік дәліздерін цифрландырудың маңызын атап өтті

Бүгін 20:06

Тоқаев ЕАЭО байланыстарын кеңейту туралы айтты

Бүгін 20:03

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында сөйледі

Бүгін 18:18

Алматыда «Қазақстанның қолжазба мұрасы: сақтау, зерттеу және цифрлық гуманитаристика» атты халықаралық конференция өтеді

Бүгін 18:02
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);