Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Алматыда тауға шығам деушілер енді тіркеуден өту к...

Алматыда тауға шығам деушілер енді тіркеуден өту керек

Мұны білген жөн 13.04.2026, 11:53 93
Алматыда тауға шығам деушілер енді тіркеуден өту керек
depositphotos.com

Алматыда тауға шығардан бұрын туристерді енді міндетті түрде тіркеуден өткізеді. Бұл бастаманы қауіпсіздікті арттырып, оқыс оқиғаның санын азайту үшін қолға алғалы отырмыз. Өңірлік коммуникациялар қызметінде құтқарушылар мен туризм басқармасының өкілдері осылай деп мәлімдеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

«Туристер арасында мұндай нәрсе жоқ болғанымен, біз оны енгізгелі отырмыз. Төтенше жағдайлар департаментімен, Алматы альпинизм федерациясымен бірлесіп осы мәселені қарастырып жатырмыз. Жобалар пулы бар, алда топтасып сапар шегетіндерді тіркей бастаймыз. Бұл ең алдымен қауіпсіздік үшін керек», — деді Алматының туризм басқармасының туристік инфрақұрылымды дамыту бөлімінің басшысы Дәурен Ерғалиев.

Оның айтуынша, қалада таулы бағыттарды абаттандыру мен қауіпсіз инфрақұрылым құру жұмыстары да қатар жүргізіліп жатыр екен.

«Қазіргі таңда 1000 шақырымнан астам тау жолы цифрландырылды, оның шамамен 850 шақырымы абаттандырылған. Бағыттаушы белгілер, навигациялық көрсеткіштер орнатылып, демалыс аймақтары мен қауіпсіздік элементтері жабдықталған. Былтыр қосымша 100 шақырым сүрлеу абаттандса, биыл тағы 350 шақырымды қамту жоспарланып отыр. Сондай-ақ төтенше жағдайда құрылғыларды қуаттауға мүмкіндік беретін күн панельдері бар кемпинг аймақтары жасалды», — деп қосты Дәурен Ерғалиев.

Құтқарушылардың айтуынша, таудағы оқыс оқиғаның көпшілігі туристердің жолға дайындықсыз шығып, қауіпсіздік ережесін елемеуінен болады екен.

«Киім мен аяқ киімді дұрыс таңдамайды, жолға шығарда қолайсыз уақытты таңдап алады. Адамдар көбіне күн райы мен жүретін жолының күрделілігін ескермейді. Сапарға алдын ала дайындалып, шама-шарқына қарап алу керек. Бұл қауіпті жағдайдың алдын алуға көмектеседі», — дейді ҚР ТЖМ «Барыс» республикалық құтқару қызметінің бас құтқарушысы Вадим Пак.

Ол сондай-ақ жабайы жануарлармен кездескен жағдайда өзін қалай ұстау керектігін еске салды.

«Жануарларды үркітпеу керек, дүрлікпеуі керек. Сабыр сақтап, ақырын-ақырын шегіншектеп, арақашықтықты сақтау қажет. Жақындап, суретке түсіп, назар аудартуға тырыспау керек. Бұл солардың тіршілік ететін ортасы, сондықтан шектен шықпағаныңыз дұрыс», — деп атап өтті Вадим Пак.

Сонымен қатар құтқарушылар тауға шығарда жақын-жуықтарына бағытын хабарлап, өзімен бірге қажетті заттарды алып жүруі керектігін айтты.

«Сапарға шығарда қайда баратыныңызды, қашан оралатыныңызды міндетті түрде хабарлау айту керек. Өзiңiзбен бірге дәрі қобдишасын, су, азық-түлік пен жылы киім ала жүріңіз. Навигацияны қолдана білу керек, күн райына да көз жүгіртіп қойған артық болмайды», — деп толықтырды Вадим Пак.

Мамандардың айтуынша, осы қарапайым ережелерді сақтау мен туристерді тіркеу сияқты жаңа ережелерді енгізу таудағы демалысты қауіпсіз етіп, төтенше жағдайдың санын азайтуға сеп болмақшы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #тау #қауіпсіздік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі Жетісу ауданындағы көріктендіру жобаларымен танысып, бизнестің қатысуын күшейтуді тапсырды

Бүгін 18:47

Алматыда қала орталығындағы жазғы дәмхана сүрілді

Бүгін 17:55

Тұтынушылық кредит алушылар азайған

Бүгін 17:37

2025 жылы 1757 ресейлік Қазақстан азаматтығын алған

Бүгін 17:10

Алматы үйленуден көш бастап тұр

Бүгін 16:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика