AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда тау кластерін дамытуда халықаралық тәжіри...

Алматыда тау кластерін дамытуда халықаралық тәжірибе ескеріледі

Барлығы 24.02.2026, 16:07 517
Алматыда тау кластерін дамытуда халықаралық тәжірибе ескеріледі

Тау туризмін дамыту жөніндегі Еуразиялық форум аясында Almaty Tau Management компаниясының басқарма төрағасы Жан-Пьер Барало сараптамалық баяндама жасады. Ол Алматы тау кластерін қалыптастыру мүмкіндігіне тоқталып, тау курорттарын дамытудың халықаралық үлгілерін таныстырды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Сарапшы Франция мен Австрия тәжірибесін мысалға келтірді. Бұл елдерде курорттар бірыңғай инфрақұрылымдық жүйеге біріктіру арқылы туристік саланың тұрақты өсімі қамтамасыз етілген, өңірлердің бәсекеге қабілеттілігі артқан. Оның айтуынша, кластерлік модель туризмді дамыту құралы ғана емес, сонымен бірге кең ауқымды әлеуметтік-экономикалық өсудің тиімді тетігі.

«Халықаралық тәжірибе кластерлік тәсілдің аумақтарды кешенді дамытуға, инфрақұрылым сапасын арттыруға және тұрақты туристік экожүйе қалыптастыруға мүмкіндік беретінін көрсетеді. Бұл тек туризм мәселесі емес, ұзақ мерзімді әлеуметтік-экономикалық дамудың маңызды факторы», – деді Жан-Пьер Барало.

Баяндама барысында тау кластерлерінің қалалық ортаның дамуына әсері де қозғалды. Мұндай жобалар бизнестің дамуына серпін беріп, жаңа жұмыс орындарын ашуға және өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға ықпал етеді.

«Тау кластерінің дамуы тұрмыс сапасының өзгеруімен тікелей байланысты. Заманауи курорттық аймақтар экономикалық белсенділік нүктесіне айналып, қызмет көрсету саласына сұранысты арттырады, жұмыс орындарын құрады және туристер мен жергілікті тұрғындарға қажет инфрақұрылымның дамуын жеделдетеді», - деді сарапшы.

Жан-Пьер Барало тұрақты нәтижеге қол жеткізу үшін таулы аумақтарды дамытуда стратегиялық әрі ұзақ мерзімді көзқарас қажет екенін жеткізді. Сонымен қатар өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып, үздік халықаралық тәжірибелерді жүйелі түрде бейімдеу маңызды екенін айтты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);