AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Алматыда такси жүргізушісін клиенттер пышақтап, кө...

Алматыда такси жүргізушісін клиенттер пышақтап, көлікті айдап кеткен

Оқиға 15.03.2022, 15:27 1,669
Алматыда такси жүргізушісін клиенттер пышақтап, көлікті айдап кеткен
Сурет: Otyrar.kz

Toyota Camry көлігімен такси қызметін ұсынған алматылыққа шабуыл жасалды.


Оқиға биыл 12 наурызға қараған түні Түрксіб ауданында болған. Жүргізушінің таныстары бұл жайлы әлеуметтік желілерде баяндаған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Тапсырыс түскен. Клиенттерді әуежайға апару керек болған. Жүргізуші шақырған орынға келген, шабадандар мен сөмкелері бар адамдарды көлікке отырғызған. Бәрі тыныш отырған, көлік Шығыс айналма жолымен жүрген. Содан кейін жүргізуші Бұқтырма көшесіне бұрылған. Экобекет маңында клиенттер «Нұршашқан» шағынауданы арқылы жүруін сұраған. Олар жолда көлікті тоқтатуын өтініп, сол кезде клиенттердің бірі жүргізушіге 6-7 рет пышақ сұғып алған. Ары қарай жоспар бойынша жүргізушіні сол жерде қалдырып, көлікті айдап әкеткен», - деп жазды автор.



Жүргізуші ауруханада жатыр, оның жағдайы бірқалыпты. Көлік пен қылмыскерлер әлі табылмаған. Бұл бірінші жағдай болмауы мүмкін деген болжам бар. Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек Қылмыстық кодекстің 192-бабы 4-бөлігі бойынша тіркелді.



«Түрксіб аудандық полиция бөлімі осы қылмыстық істі тергеп жатыр. Арнайы жедел тергеу тобы құрылды, оның құрамына қаланың криминалдық полиция қызметкерлері кірді. Олар күдіктілерді ұстап, қылмыстық жауапкершілікке тартуға байланысты тексеріс жүргізеді. Алматы ПД басшылығы тергеу барысын бақылауға алды», - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Такси #жүргізушісі #Шабуыл #оқиға #қылмыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Нұрлыбек Нәлібаев отын-энергетика кешенін дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Бүгін 18:30

Трейдинг арқылы пайда табуды көздеген Тараз тұрғыны ақшасынан айырылып қалды

Бүгін 18:07

БҚО-да заңсыз айналымнан 220 келіден астам марихуана тәркіленді

Бүгін 17:51

Тараз перзентханасында бір күнде төрт ана егіз босанды

Бүгін 17:29

Маңғыстау облысында Президент Жолдауы талқыланды

Бүгін 17:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);