Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / Алматыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырым...

Алматыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының жобасы талқыланды

Билік 21.10.2021, 13:16 1,336
Алматыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының жобасы талқыланды
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес


Алматы қаласына жұмыс сапары аясында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



Отырысқа аудан әкімдері, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары, депутаттар, қоғам және бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысты.



Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы М.Ахметжанов сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында жүргізіліп жатқан реформалар туралы айтып, 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының жобасына ерекше назар аударды. Тиісті тапсырманы Президент өзінің Қазақстан халқына Жолдауында бергені белгілі.


М. Ахметжановтың айтуынша, тұжырымдаманың новеллаларының бірі негізсіз баю үшін жауапкершілікті енгізу болып табылады. Ол шығыстардың кірістерден асып кетуі қаржылық тексеруді бастау үшін сигнал болатынын ерекше атап өтті.


Агенттік Төрағасы азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қажеттіліктері мен үміттерін қанағаттандыру қызметтің бірінші кезектегі міндеті болып табылатынын атап өтті. Сондай-ақ, мемлекеттік органдар мен ішкі мониторингке сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтерді енгізу бойынша ұсыныстар берілді. Сонымен қатар, бизнес саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды енгізу қажеттілігі атап өтілді.


Отырыс барысында спикерлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамаларды таныстырды, тәсілдерді жетілдіру бойынша шаралар талқыланды және ағымдағы жылдың 9 айында Алматыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмыстың аралық қорытындылары қаралды.


Кеңес қорытындысы бойынша, Алматы қаласының әкімі Б. Сағынтаев қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру кезінде осы ұсыныстарды ескеруді тапсырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Сыбайлас жемқорлық #отырыс #тұжырымдама
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жыл басынан бері үш тонна есірткі айналымға жіберілмеді

Бүгін 14:41

Астрофизик: Айға қайта оралу – ғылым үшін жаңа кезең 

Бүгін 12:01

Астрономияны білсеңіз, астрологияға сенбейсіз – астрофизик пікірі

Бүгін 11:56

Қазақстанда ғалым қанша табыс табады?

Бүгін 11:52

2025 жылғы Қазақстанның басты ғылыми жетістігі аталды

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика