Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен бюджет...

Алматыда сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен бюджеттік шығындарға бақылау күшейтілуде

Әлеумет 18.04.2025, 12:35 706
Алматыда сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен бюджеттік шығындарға бақылау күшейтілуде
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Алматыда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен қала әкімдігі тарапынан сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және бюджеттік қаражатты басқарудың тиімділігін арттыру бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда.

Бұл туралы Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент басшысы Арман Рахимов өңірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясында айтты, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Маңызды шаруаның бірі -  әкім Ерболат Досаевтың тапсырмасымен қолға алынып, қала мәслихаты бекіткен қала құрылысы регламенті мен құрылысқа байланысты жаңа ережелердің күшіне енуі болды. Бұл құжаттар экологиясы жағынан қаланың таза және қауіпсіз дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.

«Бұл – қаланың тарихында алғаш рет қабылданып, 2025 жылғы 1 наурыздан бастап күшіне енген ресми құжаттар. Олар құрылыс саласындағы сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған», – деді Арман Рахимов.

Оның айтуынша, жаңа нормалар құрылыстың тығыздығы мен биіктігін, жер учаскелерін пайдалануды, сондай-ақ жасыл аймақтар мен табиғи ландшафтарды қорғауды нақты реттейді. Цифрлық құралдар, интерактивті карталар мен автоматтандырылған рәсімдерді енгізу адами фактордың әсерін едәуір азайтуға мүмкіндік береді.

Арман Рахимовтың мәліметінше, биыл 12 нысанға қатысты шаралар қабылданған, олардың екеуі толығымен немесе ішінара бұзылған. Бұлар – құрылыс нормаларын бұзып салған тұрғын үй кешендері, клуб үйлері мен қонақүйлер.

Сонымен қатар, спикердің айтуынша, қалада мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне мониторинг жүргізу бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.    

Қалалық мобильділік басқармасы жол жөндеу жұмыстарын келісу алгоритмін енгізіп, кепілдік мерзімін ұлғайтты:
жаңа жол құрылысына — 3 жылдан 7 жылға дейін;
орташа жөндеуге — 3 жылдан 5 жылға дейін.

«Мұндай шаралар бізге жобаларды жүзеге асыру сапасын арттырып қана қоймай, ашықтық пен есептілік арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді», – деп түйіндеді ведомство басшысы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Сыбайлас жемқорлық #бюджеттік шығындар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазгидромет 18 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады

Бүгін 09:01

Алматылық спортшылар әлем чемпионатын екі қола медальмен қорытындылады

Кеше 20:47

Алматыда ауа сапасын жақсарту бойынша жаңа шаралар: көмірді пайдалану мен құрылыс қалдықтарын реттеу

Кеше 20:09

Алматыда стационарлық шығарындыларға бақылау күшейтіледі

Кеше 20:05

Алматыда тозығы жеткен автокөліктерді сатып алу механизмі енгізіледі

Кеше 18:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика