конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматыда сүт безі обырына қарсы препараттар өндірі...

Алматыда сүт безі обырына қарсы препараттар өндірісі басталды

Медицина 26.10.2024, 12:56 1,716
Алматыда сүт безі обырына қарсы препараттар өндірісі басталды
t.me/DenMinPR
 

Алматыда Халықаралық Roche және Нобель компанияларымен бірлесіп, сүт безі обырына қарсы дәрілік препараттар өндірісін оқшаулау жөніндегі жоба іске қосылды. Жоба Алматы фармацевтикалық фабрикасының базасында жүзеге асырылып отыр, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Денсаулық сақтау министрінің қатысуымен өткен кәсіпорынның ашылу салтанатында, онкологиялық ауруларға қарсы аса маңызды препараттарды Қазақстанда өндірудің қазақстандық пациенттер үшін обырды емдеудің заманауи әдістеріне қолжетімділікті арттыруға және өмір сүру ұзақтығын жақсартуға мүмкіндік беретіні атап өтілді.

Мемлекет басшысы елдегі фармацевтикалық өндірістің үлесін фармацевтикалық нарықтың жалпы көлемінің 50%-на дейін жеткізу міндетін қойған болатын.

2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары аясында жаһандық фармацевтикалық корпорациялармен әріптестік орнату, инвестициялар тарту және өндірісті оқшаулау үшін технологиялар трансферті мен жаңа әзірлемелерді енгізу шаралары қарастырылған. Бұл еліміздің импорттық препараттарға тәуелділігін азайтып, олардың құнын төмендетуге және отандық пациенттер үшін қолжетімділігін арттыруға ықпал етеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Нобель #дәрі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жарқын, ауқымды, креативті: Алматыда дауыс беру күні қалай өтті?

Бүгін 22:38

Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттары сайлауы аяқталды

Бүгін 22:10

Алматыда сайлау күні аяқталды: ендігі кезек – дауысты санау

Бүгін 20:36

Оңтүстік ұландықтар дауыс беруді мерзімінен бұрын аяқтады

Бүгін 20:14

Сайлау күнінің соңғы дауысы: Медеу ауданындағы №415 учаскеде соңғы сайлаушы дауыс берді

Бүгін 20:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);