2026 жылғы 1 қазаннан бастап Алматыда сумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне жаңа тарифтер қолданысқа енгізіледі, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Тарифтерді түзету қаланың сумен жабдықтау және су бұру шаруашылығын пайдалануға жұмсалатын нақты шығындарды ескеру қажеттілігіне байланысты жүргізілді.
2025 жылғы қыркүйекке дейін халық үшін су тарифі әлеуметтік тариф шеңберінде 1 м³ үшін 102,49 теңгені құрады, ал белгіленген нормативтен асып кеткен жағдайда тариф 204,99 теңгеге дейін жетті. 1000 литр судың орташа бағасы 150 теңгені құрады.
Кейін Алматыда мораторий аясында тариф 1 м³ үшін 76,56 теңгеге дейін төмендетілді. Бұл төмендетілген тариф бір жылдан астам уақыт қолданыста болды.
Төмендетілген тариф қолданылған кезеңде электр энергиясына, материалдарға, реагенттерге, жабдықтарға, жөндеу және техникалық қызмет көрсетуге жұмсалатын шығындар өсті. Сонымен қатар соңғы бір жылда «Алматы Су» теңгеріміне жаңа желілер мен нысандар берілді. Оларды пайдалану да қосымша қаржыландыруды талап етеді.
Тариф құрылымына жүйенің тәулік бойы жұмыс істеуін және апаттық-қалпына келтіру жұмыстарын қамтамасыз ететін қызметкерлердің еңбекақысын индекстеуге жұмсалатын шығындар да енгізілді.
Бұл ретте сумен жабдықтау және су бұру қызметтерінің құны коммуналдық төлем түбіртегіндегі жалпы соманың небәрі 3–4 пайызын құрайды.
Есептеу аспабы орнатылған пәтер үшін суық су мен кәріз қызметтеріне ай сайынғы орташа төлем шамамен 1500 теңгені, яғни айына 50 теңгені құрайды.
Байланыс телефондары: +7 (727) 227-60-24, +7 (775) 681-23-32, +7 (702) 100-27-65, almatysu.kz.