ffin.kz

Алматыда су басумен күресудің жоспары жарияланды

Алматыда су басумен күресудің  жоспары жарияланды Сурет: 24.kz

Қаланың біршама бөлігін судың басуына себеп болған 11 мамыр күнгі 33,8 мм  көлемде жауған жауын-шашын  бұл мәселенің өзектілігін тағы бір рет дәлелдеді.


Алматыда жауын кезінде су басып қалатын орындарды болдырмауға бағытталған арық жүйесі мен су шаруашылығы нысандарын модернизациялаудың  жоспары әзірленді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Атап айтқанда, арық желілерін Ұлықбек және Саин көшелерінің қиылысында орналасқан коллекторға шұғыл қосылу бойынша жұмыстар жүргізілуде, бұл өз кезегінде арық желісін су өткізу қабілеттілігін ұлғайтып, төменгі аумақтарға кететін су ағынын азайтуға мүмкіндік береді.


Арық жүйесін жаңғырту жұмыстары үнемі су басатын Төле би, Яссауи, Момышұлы көшелері мен Райымбек батыр даңғылында да жүргізіліп жатыр.


Еске салсақ, бұрындары қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен су басу мәселесін шешу мақсатында су шаруашылығы нысандары техникалық жай-күйіне талдау жүргізілді. Бұл жұмыстың барысында қала аумағында үнемі су басатын 56 аймақ анықталды. Сонымен қатар проблемалық аумақтардағы су басу мәселесін шешу үшін жұмыс істеп тұрған арық желілері мен коллекторларды өткізу қабілетін ұлғайта отырып қайта жаңарту және бірыңғай желіге қосуды ұйымдастыру қажеттілігі анықталды.


Қала аумағында жаңбыр және еріген қар суларын бұруға арналған 16 коллектор бар. Зерттеу көрсеткендей, олар иесіз және қызмет көрсетілмеген, қоқысталған, бітелген немесе бұзылған болып табылады. Коллекторлардың жалпы санының 12-сі арық желілеріне қосылмаған. Алатау ауданында 2013 жылдан 2018 жылға дейін салынған 4 коллектор ғана арық желілерімен қосылған және жұмыс істейді.


Биылғы жылы жалпы ұзындығы 376 км болатын қаланың арық желісін салу және  модернизациялау бойынша жоба әзірленді (батыс бөлігі - Алатау, Наурызбай, Әуезов аудандары, орталық бөлігі - Жетісу, Бостандық, Алмалы аудандары, шығыс бөлігі - Медеу, Түрксіб аудандары).


Жобада қолданыстағы арық желілерін реконструкциялау, жаңа арықтардың нүктелі құрылысын жүргізу қарастырылған.Алайда осы желілерді жасыл желектерді суаруға пайдалану көзделмеген, жаңбыр және еріген суларды қолданыстағы коллекторларға бұру ескерілмеген, бұл жекелеген аумақтардың судың астына қалуына әкеп соғады.


Сондықтан қолданыстағы арық желілері мен коллекторлардың өткізу қабілетін ұлғайта отырып, оларды  реконструкциялау және құрылыс жұмыстарын тоқтатпай бірыңғай желіге қосуды ұйымдастыруды ескере отырып, жобаға түзету енгізіледі. Бұл жасыл желектерді суаруға және су басу қаупінің алдын алуға мүмкіндік береді.


Бүгінде күні қаланың батыс бөлігінде ұзындығы 119 км арық желілерін салу және реконструкциялау  бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде, орындалу  мерзімі -  2021-2023 жылдар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04

11:51