AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда су басатын аумақты жою үшін әл-Фараби даң...

Алматыда су басатын аумақты жою үшін әл-Фараби даңғылында су бұру желілерін салу жоспарланды

Әлеумет 28.08.2024, 13:04 1,392 Bakyt
Алматыда су басатын аумақты жою үшін әл-Фараби даңғылында су бұру желілерін салу жоспарланды
Сурет Алматы қаласы әкімдігі
 

Алматы қаласында жауын-шашын салдарынан су басудың алдын алу мақсатында әл-Фараби даңғылындағы жерасты жаяу жүргіншілер өткелінде су бұру желілерін салу жоспарланып отыр. Бұл туралы Алматы мәслихатының XXII сессиясы барысында қалалық экология және қоршаған орта басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мирас Гайсин мәлімдеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Спикердің айтуынша, жоба аясында әл-Фараби даңғылының оңтүстігінде, Кереңқұлақ пен Есентай өзендерінің арасындағы аумақ қамтылады. Жобада судың үлкен көлемін ескере отырып, арық желілерін реконструкциялау, су ағызғыш орнату, ойықтарды қайта құру және қолданыстағы су бұру желілерін кеңейту жоспарланған.

Қазіргі уақытта басқарма техникалық тапсырма дайындады, ал жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу осы жылы басталады деп жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, Алатау ауданының «Томирис» шағын ауданындағы Джигитовка өзені тоғанының гидротехникалық құрылыстарын қайта жаңарту мәселесі де қозғалды.

«Жалпы, қала аумағында 40 гидротехникалық құрылыс бар, оның 6-ы Алатау ауданында орналасқан және олардың жағдайы мәз емес. Тоғандар каскады 1960 жылдары салынған, содан бері жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Жауын-шашынның көп болуы жағдайында гидротехникалық құрылыстарды шайып кету қаупі бар», - деді Мирас Гайсин.

Бұл мәселелерді шешу үшін басқарма 2024 жылдың 4-тоқсанында гидротехникалық құрылыстарды жаңартуға жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді жоспарлап отыр. Жобада тозған гидротехникалық құрылыстар мен көтергіш гидромеханикалық жабдықтарды реконструкциялау, тірек құрылыстарын салу, заңсыз құрылыстарды бұзу, тоғандарды тазалау және жағалауды нығайту, тазарту құрылыстарын орнату және жасыл қорды жаңарту жоспарланған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Әл-Фараби #Мирас Гайсин
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«AMANAT» партиясы экологиялық акция аясында 300-ден астам алматылық жасты біріктірді

Кеше 17:42

Алматыда Балаларды қорғау күніне арналған BALA FEST – 2026 фестивалі өтеді

Кеше 17:38

1 маусымда Алматыда балаларға арналған қандай іс-шаралар өтеді?

Кеше 17:36

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды ҚКП ОК Саяси бюросының мүшесі Чэнь Вэньцинмен кездесті

Кеше 17:33

Алматыдан Еуропаға: Варшаваға тікелей әуе рейсі ашылады

Кеше 17:31
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);