AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда сталкингтің алдын алу бағытында жүйелі пр...

Алматыда сталкингтің алдын алу бағытында жүйелі профилактикалық жұмыс жүргізілуде

Заң мен тəртіп 20.02.2026, 17:22 273 yakiya
Алматыда сталкингтің алдын алу бағытында жүйелі профилактикалық жұмыс жүргізілуде
Алматы әкімдігі

Алматы қаласында адамдар арасындағы қарым-қатынастағы сталкинг пен басқа да құқыққа қарсы қысым түрлерін алдын алу бағытында жүйелі профилактикалық жұмыс жүргізілуде, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Азаматтардың жеке еркіндігі, абыройы мен қадір-қасиетін қорғау құқық қорғау органдарының басты бағыттарының бірі болып табылады.

Сталкинг үшін қылмыстық жауапкершілік ҚР Қылмыстық кодексінің 115-1-бабы бойынша қарастырылған. Бұл бап 2025 жылғы 16 шілдеде енгізіліп, 2025 жылғы 20 тамыздан бастап заңды күшіне енді. Сталкинг деп тұлғаны заңсыз, жүйелі түрде қудалау, байланыс орнатуға тырысу, қадағалау немесе зардап шеккен адамда қорқыныш, уайым немесе психологиялық қысым туғызатын әрекеттер түсіндіріледі.

Сонымен қатар, «Некеге тұруға мәжбүрлеу» туралы ҚР ҚК-нің 125-1-бабы 2025 жылғы 16 қыркүйектен бастап күшіне енді. Бұл бап адамның еркіне қарсы отбасын құруға мәжбүрлеуге қатысты қылмыстық жауапкершілікті белгілейді және жеке еркіндік, жеке басының қорғалуы мен азаматтардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған.

Алматы қаласы ПД Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы және отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшесі мектептерде, колледждерде және жоғары оқу орындарында профилактикалық кездесулер ұйымдастырған. Іс-шаралар барысында оқушыларға қолданыстағы заңнаманың нормалары, құқыққа қарсы мінез-құлық үшін жауапкершілік және өз құқықтарын қорғау тәртібі түсіндіріледі.

Үздіксіз түрде сталкинг және отбасылық-тұрмыстық қақтығыстардың алдын алу тақырыбына арналған ақпараттық материалдар дайындалып, таратылады. Ерекше назар құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, жеке шекараны құрметтеуге және кез келген қысым немесе мәжбүрлеуге жол берілмеуге аударылады.

Қауіп немесе қауіп-қатер болған жағдайда азаматтарға дереу құқық қорғау органдарына 102, 112 немесе 150 нөмірлеріне хабарласу ұсынылады.

Жүргізіліп жатқан жұмыс қоғамда сталкингке нөлдік төзімділік қағидатын қалыптастыруға және әрбір азаматтың қауіпсіздігіне құқықтық кепілдіктерді нығайтуға бағытталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#сталкинг
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық палуан Азия Чемпионы атанды

Бүгін 21:53

Баку құрылтайының 100 жылдығы: ҚазҰУ-да түркологияның жаңа бағыттары талқыланды

Бүгін 20:11

«Жас бүркіт» қатары толықты: Алматыда әскери-патриоттық сынып ашылды

Бүгін 19:25

Мақпал Жүнісова мен Татьяна Бурмистрова марапатталды

Бүгін 19:01

Еркебұлан Еңсегенов таеквондодан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Бүгін 18:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);