Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда сотталғандарға шахмат үйрету қолға алынды...

Алматыда сотталғандарға шахмат үйрету қолға алынды

Заң мен тəртіп 12.10.2024, 15:40 1,253
Алматыда сотталғандарға шахмат үйрету қолға алынды
Сурет: Polisia.kz

Біздің елімізде шахмат ойынына ерекше көңіл бөлінеді.

Бүгінде шахмат ойынынан халықаралық жарыстарда топ жарып жүрген қазақстандықтар мақтанышымызға айналуда, деп хабарлайды aqshamnews.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Шахмат ойыны адамды жылдам ойлануға, жылдам шешім қабылдауға тәрбиелеп қана қоймайды, адамның бойындағы ерік-жігер мен моральдық қасиеттерді арттыруға ықпал етеді. Ал мұндай қасиеттер тағдыр жолында аяғын шалыс басып, темір торда жүргендер үшін де пайдалы болатыны сөзсіз.

 Алматы қаласы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №72 мекемесінде де сотталғандарға шахмат ойынын үйрету жүйелі түрде қолға алынуда. Осы орайда жуырда аталған мекеме басшылығы Алматы қаласы спорт басқармасының қолдауымен тергеу изоляторына Асылхан Караев және Саумин Суханов сияқты шахмат жаттықтырушыларын арнайы шақырып, жазаларын шаруашылық қызметіндегі жасақта өтеп жүрген сотталғандар арасында шеберлік сабағын өткізді.

Бұл игілікті іс алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Сотталғандар арасында шахмат ойынын дамытуға ҚР Үкіметінің “Қазақстан Республикасында шахматты дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы” қаулысы да оң ықпал етуде.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#шахмат #ойын #Алматы #Сотталғандар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ұзақ күткен матч: Алматыда “Қайрат” пен “Астана” кездесіп жатыр

Бүгін 20:15

Қазақстанда базар азайып барады

Бүгін 17:26

Сағындық Тоғамбай Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Бүгін 16:55

Тегеран АҚШ-тың мәлімдемесіне жауап қатты

Бүгін 15:27

Гимнаст Ақмарал Ерекешева Франциядағы Гран-при турнирінде қола медаль жеңіп алды

Бүгін 12:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика