Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматыда сирек кездесетін патологиясы бар балаларғ...

Алматыда сирек кездесетін патологиясы бар балаларға бірегей операциялар жасалды

Медицина Бүгін 16:48 38
Алматыда сирек кездесетін патологиясы бар балаларға бірегей операциялар жасалды

Алматы қаласындағы №2 балалар қалалық клиникалық ауруханасында сирек кездесетін патологиялары бар балаларға әлемдік деңгейдегі бірегей операциялар жасалды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жеті баланың тағдыры. Жеті ата-ананың алаңдаушылығы мен үміті. Бүгін осы балалардың болашағын өзгертуге мүмкіндік пайда болды.

«Біздің клиника базасында Ресейден келген жетекші мамандар - профессор Игорь Шведовченко мен балалар хирургы Андрей Кольцовтың қатысуымен бірегей халықаралық шеберлік сабағы өтті. Оның аясында аяқ-қолдың ауыр туа біткен патологиялары бар балаларға күрделі реконструктивті операциялар жасалды. Бұл операциялар қозғалысты, дербестікті және толыққанды өмірді қайтаруға мүмкіндік береді.

Шеберлік сабағы “Мейірімділік ерікті қоғамы” қоғамдық қорының (ОФ «ДОМ» Милосердие») ұйымдастыруымен және “Самұрық-Қазына Trust” корпоративтік қорының қолдауымен өтті», — деді №2 БҚКА директоры Марат Рабандияров.

Қазақстандық әріптестерімен бірге ресейлік мамандар балаларға операция жасап қана қоймай, тәжірибе алмасып, болашақта тағы да көптеген кішкентай пациенттерге көмек көрсетуге мүмкіндік беретін құнды білімдерімен бөлісті.

Марат Рабандияровтың айтуынша, үш күн ішінде 7 балаға күрделі операциялар жасалып, ондаған пациент дәрігерлердің кеңесін алды. Сонымен қатар, 15-тен астам қазақстандық маман оқыту мен тәжірибе алмасуға қатысты.

Пациенттердің бірі - кішкентай Хаят. Бұл қыздың жүрегі оң жақта орналасқан.

Бес жасар Хаятқа жасалған операция ең күрделі оталардың бірі болды. Қыз бала көптеген даму ақауларымен дүниеге келген, оның ішінде өте сирек кездесетін ерекшелік - декстрокардия бар. Бұл жүрек әдеттегідей сол жақта емес, оң жақта орналасатын жағдай. Кейде басқа ішкі ағзалар да айна тәрізді орналасуы мүмкін. Мұндай жағдай өте сирек кездеседі және дәрігерлердің ерекше назарын талап етеді.

Бұдан бөлек, Хаятта тірек-қимыл жүйесінің туа біткен бұзылыстары және қолдың бас бармағының ауыр гипоплазиясы болған ,- бармақ толық дамымаған әрі өз қызметін толық атқара алмаған.

«Балаға көмектесу үшін біз бірегей реконструктивті операция жасадық: аяқтағы сүйек тінін қолдың бас бармағын қалыптастыру үшін пайдаландық. Бұл жоғары дәлдікті және дәрігерлер командасының үлкен тәжірибесін талап ететін аса күрделі операция», — деді №2 БҚКА травматолог-ортопед дәрігері Ұлжан Солтанбекова.

Енді Хаяттың болашақта қолын толыққанды пайдалану мүмкіндігі бар: ойыншық ұстау, сурет салу, киімнің түймесін тағу, жазу, анасын екі қолымен құшақтау. Алда оңалту кезеңі бар, бірақ ең маңыздысы — қыздың еркін әрі сенімді өмір сүруіне жаңа мүмкіндік ашылды.

Үш жасар Аланға Шпренгель ауруы - жауырынның туа біткен жоғары орналасуы кезінде күрделі әрі бірегей операция жасалды. Бұл сирек операция бала үшін ғана емес, осындай оталарды жасау бойынша тәжірибе алған қазақстандық дәрігерлер үшін де маңызды қадам болды.

Аталған операция №2 БҚКА-да алғаш рет жүргізілді.

Бұл жай ғана шеберлік сабағы емес. Мұндай жобалар бірнеше операция ғана емес, — құтқарылған ондаған болашақ тағдырлар. Бұл - ұзақ уақыттан кейін алғаш рет қуаныштан жылаған ата-аналар. Белсенді, еркін, сенімді әрі сапалы өмір сүре алатын балалар.

Ал Қазақстан медицинасы үшін - жаңа білім, заманауи әдістер және келесі балаларға көмектесетін әлемдік деңгейдегі тәжірибе.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Хирург
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы: «Жер шарын қорғау – ортақ міндетіміз. Бүгінгі саммит бізге осыны көрсетеді»

Бүгін 18:16

Алматыда ушу-саньдадан Қазақстан чемпионаты басталды

Бүгін 18:10

Президент: «Арал теңізі салғырттықтың салдары қандай қасіретке әкеліп соғатынын еске салып тұрады»

Бүгін 18:06

Абай университетінің ғылыми жобалары халықаралық саммит көрмесіне қойылды

Бүгін 17:59

Алмат Амангелді: «Қуыршақ театры – ең нәзік, ең тылсым өнердің бірі»

Бүгін 17:24
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика