AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда шомылу маусымына дайындық қалай жүріп жат...

Алматыда шомылу маусымына дайындық қалай жүріп жатыр?

Әлеумет 28.05.2024, 12:43 883
Алматыда шомылу маусымына дайындық қалай жүріп жатыр?
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Шомылу маусымы жыл сайын 1 маусымнан басталады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Әнуар Юсупов мәлімдеді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Алматы қаласы әкімдігімен суда жаппай демалуға арналған 4 орын анықталды:

- Сайран көлінің батыс және шығыс бөлігі;

- Д.Қонаев атындағы ҮАК бойындағы «Гүлдер» демалыс аймағы мен «Баум тоғайы» жағажайы.

 «Алайда Сайран көлінде іргелес аумақты абаттандыру жүргізілуде, жұмыстарды аяқтау 2025 жылдың мамыр айында жоспарланған. Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналын гидротехникалық құрылыстармен күрделі жөндеуге байланысты ағымдағы жылы каналды сумен толтыру жоспары жоқ», - деді Әнуар Юсупов.

ӨКҚ спикері атап өткендей, жазғы демалыс кезеңінде қауіпсіздік мәдениетін арттыру мақсатында білім басқармасымен бірлесіп қала мектептері арасында «Қауіпсіз су» қауіпсіздік акциясы өткізілді (жоспар бекітілді), оған сәйкес барлық оқушылар арасында эссе, сурет, қабырға газеттері конкурстары, тақырыптық сызғыштар, сондай-ақ «Қауіпсіз су» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.

Судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында Департамент полиция қызметкерлерін, РЖҚЖ құтқарушыларын, сондай-ақ еріктілерді тарта отырып, рейдтік іс-шаралар өткізеді.

Қазіргі уақытта Департамент БАҚ арқылы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде, барлық білім беру, денсаулық сақтау объектілерінде, адамдар көп жиналатын орындарда (СОО, СҮ, ХҚКО, вокзалдар, метрополитен, кинотеатрлар), сондай-ақ Алматы қаласының жолдары бойында орналасқан смартбордтар мен LED-экрандарда бейнероликтер көрсетілуде.

Сонымен қатар, шомылу маусымы аяқталғанға дейін күніне екі рет мемлекеттік және орыс тілдерінде «АспанФМ», «Еуропа Плюс Қазақстан» және «Народное радио» радиоарналарында «Судағы қауіпсіздік ережелері» тақырыбында аудиожазбалар таратылады, «Almaty tv» арнасында күн сайын «Судағы қауіпсіздік ережелері» тақырыбында бейнеролик көрсетіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#шомылу маусымы #қауіп-қатер #балалар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдан Прагаға тікелей рейс ашылады

Бүгін 09:32

Қазгидромет 8 қаланың тұрғындарына ескерту жасады

Бүгін 08:56

Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айтпен құттықтады

Бүгін 08:47

Қала қауіпсіздігі басты назарда: Наурыз қарсаңында алматылық ұландықтардыңавтопаркі заманауи техникамен толықты

Кеше 21:14

Алматыда көктемгі әскерге шақыру басталды

Кеше 19:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика