Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Алматыда шайбалы хоккейден тарихи Азия чемпионаты...

Алматыда шайбалы хоккейден тарихи Азия чемпионаты өтеді

Спорт 05.11.2024, 18:16 863
Алматыда шайбалы хоккейден тарихи Азия чемпионаты өтеді
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ертең Алматыда шайбалы хоккейден тарихта алғаш рет ұйымдастырылып жатқан Азия чемпионатының шымылдығы түріледі. 

Халықаралық хоккей федерациясының (IIHF) ұйымдастыруымен өтетін сары құрлық додасына Қазақстан, Жапония, Оңтүстік Корея және Қытай құрамалары қатысады, деп хабарлайды aqshamnews.kz. 

Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, чемпионат 6-9 қараша күндері Halyk Arena мұз сарайында өтеді.

Бұл турнир құрлықтың алғашқы чемпионаты ретінде еліміз үшін тарихи маңызға ие. Сонымен қатар шайбалы хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы алғаш рет Алматыда өнер көрсетпек.

2016 жылы пайдалануға берілген Halyk Arena кешеніндегі ең кейінгі халықаралық шайбалы хоккей жарысы 2017 жылғы қысқы Универсиада аясында өткен еді. Сол жылы еліміздің студенттер құрамасы турнирдің күміс жүлдегері атанды.

Сонымен қатар Алматы 2003 жылы біріншідивизиондағы жастар арасындағы әлемчемпионатының А тобының ойындарынқабылдаған. Шешуші матчта біздің жастарЖапония құрамасына есе жіберген еді.
Айта кетейік, Алматыдағы Азия чемпионаты 2025 жылдың 7-14 ақпан күндері ҚытайдыңХарбин қаласында өтетін Азия ойындарынадайындық жарысы болмақ.

Азия чемпионатына қатысатын Қазақстанерлер құрамасының құрамы:

▫️Қақпашылар: Джелал-ад-дин Әмірбеков(«Магнитка», Магнитогорск), Жәкен Ибрагимов («Сарыарқа», Қарағанды), Максим Павленко («Рязань-ВДВ», Рязань).

▪️Қорғаушылар: Степан Александров, Владимир Гребенщиков («Қазцинк-Торпедо», Өскемен), Дмитрий Бреус («Торпедо», Нижний Новгород, ҚХЛ), Хақназар Кеңесбай, Кирилл Никитин («Номад», Астана), Эдуард Михайлов («Арлан», Көкшетау), Егор Наместников («Сарыарқа», Қарағанды), Иван Степаненко («Хумо», Ташкент).

▫️Шабуылшылар: Александр Борисевич, Руслан Демин, Евгений Королинский («Сарыарқа», Қарағанды), Андрей Буяльский (еркін агент), Владимир Волков, Дмитрий Преснов, Денис Чапоров («Арлан», Көкшетау), Дмитрий Гренц, Артем Лихотников («Хумо», Ташкент), Алексей Зубов, Захар Пархоменко, Ян Тютюньков(«Қазцинк-Торпедо», Өскемен), Саян Данияр(«Номад», Астана), Евгений Рымарев («Юнисон-Мәскеу»).

Азия чемпионатының жарыс кестесі

6 қараша
16:00 – Жапония – Қытай
19:30 – Қазақстан – Оңтүстік Корея

8 қараша
16:00 – Жапония – Оңтүстік Корея
19:30 – Қазақстан – Қытай

9 қараша
16:00 – Қытай – Оңтүстік Корея
19:30 – Қазақстан – Жапония.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Шайбалы хоккей #Азия чемпионаты
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика