AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда Senat Open-2026 шахмат турнирінің ширек ф...

Алматыда Senat Open-2026 шахмат турнирінің ширек финалы басталды

Алматы Бүгін 14:01 29 Дина
Алматыда Senat Open-2026 шахмат турнирінің ширек финалы басталды
Алматы әкімдігі

Алматыда шахматтан III ашық Senat Open-2026 кубогының ширек финалдық кезеңі басталды. Келесі кезеңге жолдама алу үшін 160 қатысушы бақ сынап жатыр, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Олардың қатарында іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары, мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері, БАҚ өкілдері және түрлі сала мамандары бар.

Турнир Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Алматы қаласы мәслихатының қолдауымен өтіп жатыр. Жарысты Қазақстан шахмат федерациясы ұйымдастырған.

Қатысушыларға Алматы қаласы мәслихатының төрағасы Мейіржан Отыншиев құттықтау сөз арнады. Ол Senat Open түрлі кәсіп пен жастағы адамдарды біріктіретін ерекше алаңға айналғанын атап өтті.

“Senat Open — әртүрлі мамандық иелері мен түрлі жастағы адамдардың басын қосатын бірегей алаң. Бұл кезеңнің маңызы ерекше. Үздік шахматшылар келесі кезеңде Алматының намысын қорғайды. Баршаңызға сәттілік тілеймін. Мықты жеңіске жетсін, — деді Мейіржан Отыншиев.

Қазақстан шахмат федерациясының вице-президенті Бекет Жароков турнирдің әуесқой сипатта өтетінін айтты. Оның сөзінше, Senat Open шахматты шын жақсы көретін адамдарды кәсібі мен мәртебесіне қарамай біріктіреді.

“Біз парктерде ойнадық, біреулер интернетте ойнады. Бәрімізді осы ойынға деген сүйіспеншілік біріктіреді. Үш жыл бұрын түрлі сала өкілдері арасында турнир өткізуді бастадық. Мақсатымыз — қызметкерлердің күнделікті жұмыстан бір сәт сергіп, жастық шағын еске алуына мүмкіндік беру, — деді Бекет Жароков.

Қатысушылар швейцариялық жүйе бойынша 9 тур ойнайды. Турнир рапид форматында өтеді. Уақыт бақылауы — 10+5, яғни әр партияға 10 минут беріледі және бірінші жүрістен бастап әр жүріске 5 секунд қосылады.

Жеке есепте жеңімпаздар медальдармен және дипломдармен марапатталады. Үздіктер ең көп ұпай саны бойынша анықталады. Нәтиже тең болған жағдайда Бухгольц коэффициенті, жеке кездесу қорытындысы және жеңістер саны ескеріледі.

Сонымен қатар ұйымдастырушылар 10 арнайы номинация бойынша жеңімпаздарды марапаттайды. Жүлделер ардагерлерге, әйелдерге, мемлекеттік қызметшілерге, ұлттық компания қызметкерлеріне, депутаттар мен мәслихат аппаратының қызметкерлеріне, Қоғамдық кеңес мүшелеріне, күштік құрылымдар мен құқық қорғау органдарының өкілдеріне, денсаулық сақтау, ғылым және білім, мәдениет пен өнер саласының мамандарына, сондай-ақ БАҚ өкілдеріне беріледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада жеке сектордағы жалындаған өрт ауыздықталды

Бүгін 11:51

KAZ Minerals шахтасында тағы бір жұмысшы қаза тапты

Бүгін 10:29

Тоқаев: Қуғын-сүргін құрбандарын жадымызда сақтау – қастерлі борыш

Бүгін 09:08

«AMANAT» партиясы экологиялық акция аясында 300-ден астам алматылық жасты біріктірді

Кеше 17:42

Алматыда Балаларды қорғау күніне арналған BALA FEST – 2026 фестивалі өтеді

Кеше 17:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);