Алматыда селфи жасамақ болған оқушылар жоғары кернеулі тоққа түсті

Алматыда селфи жасамақ болған оқушылар жоғары кернеулі тоққа түсті Сурет: 24.kz

Тоққа түскен оқушылардың бірі оқиға орнында жан тапсырды


Бұл оқиға кеше Алматы-1 станциясындағы теміржолда болған. Қайғылы оқиғаға қатысты желілік полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.


Кеше түстен кейін 8-сыныпта оқитын алматылық оқушылар жоғары кернеулі тоққа түскен. Біреуі сол жерде қаза тапса, екіншісі ауруханаға жеткізілген. Осы жағдайға байланысты Қылмыстық кодекстің 344-бабы 2-бөлігі, яғни темiржол жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу бойынша тергеу жүреді.


Қазақстан темір жолы компаниясы таратқан ақпаратқа сәйкес, жеткіншектер Алматы станциясындағы қабылдау-жөнелту паркінде селфи жасамақшы болған. Қалалық қоғамдық денсаулық басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, екінші жасөспірім кешеден бері жансақтау бөлімінде жатыр. Оның жағдайы тұрақты ауыр халде.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:56

17:43

17:26

17:13

17:01

16:44

16:33

16:19

16:01

15:59

15:43

15:31

15:19

15:07

14:55

14:38

14:26

14:18

14:08

12:05

11:41

11:23

11:06

10:45

10:28