AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Алматыда Roland Garros Junior Series by Renault ір...

Алматыда Roland Garros Junior Series by Renault іріктеу турнирі өтеді

Спорт 04.08.2026, 15:10 445
Алматыда Roland Garros Junior Series by Renault іріктеу турнирі өтеді
Қазақстан теннис федерациясы

17–22 тамыз аралығында Алматыдағы Gorky Tennis Park кешенінің топырақ төселген корттарында Roland Garros Junior Series by Renault – Qualifications West and Central Asia халықаралық іріктеу турнирі өтеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жарыс Қазақстан теннис федерациясы мен Азия теннис федерациясының (ATF) қолдауымен ұйымдастырылады. Бұл туралы Алматы қаласы Спорт басқармасының өкілдері айтты.

Іс-шара Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылып, Қазақстанда дәстүрлі түрде тамыз айының үшінші жексенбісінде атап өтілетін Спорт күніне орай өткізіледі.

Турнирге Орталық және Батыс Азия елдерінен 16 жасқа дейінгі ең үздік 16 жасөспірім ұл мен қыз теннисші қатысады. Іріктеу кезеңінің жеңімпаздары қазан айында Жапонияда өтетін Roland Garros Junior Series финалдық кезеңіне жолдама алады. Дәл осы жарыста Roland Garros 2027 жасөспірімдер турнирінің негізгі кезеңіне берілетін жалғыз жолдама сарапқа салынады.

Биыл Париждің әйгілі топырақ корттарында өнер көрсету мүмкіндігі үшін Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Иордания, Иран, Сауд Арабиясы және Түрікменстанның өкілдері бақ сынайды.

Қазақстан намысын өз жеріндегі турнирде Родион Трайгель, Диас Төлепбергенов, Бексұлтан Бауыржанов, Иван Бондаренко, Әмина Нұрмахан, Линара Булешева, Алуа Марат және Влада Кузьменко қорғайды.

Айта кетейік, Roland Garros Junior Series – Халықаралық теннис федерациясы (ITF) мен Франция теннис федерациясының (FFT) жасөспірімдер теннисін дамытуға бағытталған халықаралық жобасы. Бұл серия әлемнің түкпір-түкпіріндегі дарынды жас теннисшілерге «Үлкен дулыға» санатына кіретін төрт турнирдің бірі – Францияның ашық чемпионатының жасөспірімдер додасына қатысуға мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#турнир
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада Президент Жолдауының негізгі міндеттері талқыланды

Бүгін 20:36

Экономика, цифрландыру және халықтың әл-ауқаты: Астанада Президент Жолдауының басымдықтары түсіндірілді

Бүгін 20:31

Kozybayev University ғалымдары жол жабынының беріктігін арттыратын технология әзірледі

Бүгін 20:26

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қарағанды облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде мәлімет берілді

Бүгін 18:45

Серік Жұманғарин Пәкістанның инвестициялар министрімен және халықаралық қаржы институттары басшыларымен кездесулер өткізді

Бүгін 18:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);