AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматыда ревматологиялық ауруларды емдеудің замана...

Алматыда ревматологиялық ауруларды емдеудің заманауи тәсілдері талқылануда

Медицина 11.04.2025, 15:00 894
Алматыда ревматологиялық ауруларды емдеудің заманауи тәсілдері талқылануда
Cурет: aqshamnews.kz

Бүгін Алматыда терапевт, пульмонолог, дерматолог, ревматолог, жалпы практика дәрігерлерінің қатысуымен VIII Халықаралық ревматологтар конгресі жұмысын бастады.

Конгресті ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ, Республикалық ревматологиялық орталық және Қазақ ревматология алқасы ұйымдастырды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

«Біздің институт базасында үшінші деңгейдегі ревматология орталығының құрылуына байланысты бүгінгі іс-шара аса маңызды болып отыр. Бұл ревматологиялық аурулары бар пациенттерге мамандандырылған көмекті дамытуда, сондай-ақ Қазақстанның ревматологиялық қызметінің ғылыми-әдістемелік және ұйымдастырушылық рөлін нығайтуда маңызды қадам. Біз жаңа Орталық диагностика мен емдеудің озық технологияларын енгізуге, халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге және жоғары білікті мамандарды даярлауға ықпал ететін клиникалық, ғылыми және білім беру платформасына айналатынына сенімдіміз», – деді Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Басқарма төрағасының ғылыми-клиникалық және инновациялық қызмет жөніндегі орынбасары Жамиля Қайбуллаева.

”Ревматологиялық аурулар, өкінішке орай, жастар арасында да кең таралуда. Бұл аурулар адамды мүгедектікке, мезгілсіз өлім қаупіне әкелуі де мүмкін. Сондықтан ауыр зардабы тиетін кеселдерді ертерек анықтау, нәтижелі емдеу үшін жаңа инновациялар енгізілуде. Бүгінгі күні өңірлерде де ревматологиялық орталықтар құрудың маңызы зор”, – деп атап өтті ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас ревматологы, Республикалық ревматология орталығының басшысы, Қазақ ревматология алқасының президенті Ғалымжан Тоғызбаев.

Иә, Қазақстанда да, әлемде де ревматологиялық аурулары бар науқастардың саны өсу үстінде. Бұл аурулардың көпшілігі аутоиммунды. Олар иммунитеттің дұрыс жұмыс істемеуінен туындайды. Олар жүйелік деп аталады. Өйткені бірден бірнеше мүшені қамтиды. Барлық дерлік тіндер процеске қатысады, бірақ буындар, бүйрек, тері, ми, қан тамырлары ең көп зардап шегеді. Бұл аурулар адаммен өмірінің соңына дейін қалады. Бірақ бұған үкім ретінде қараудың қажеті жоқ. Иә, бұрын ревматологиялық аурулардан көп адам мүгедек болып қалатын, өмірі де қысқа болатын. Ал бүгінде адамның ұзақ өмір сүруге мүмкіндігі бар дейді сарапшылар.

Екі күндік конгресте пленарлық отырыс, тақырыптық секциялар және сателлит шеңберінде ревматология, пульмонология, дерматология, қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы 35 жетекші шетелдік және отандық сарапшы, сонымен қатар жас ғалымдар клиникалық кейстермен ғылыми баяндамалар жасайды. Жүйелі қызыл жегі, ревматоидты артрит, подагра, псориазды артрит, остеопороз және остеоартритті емдеу, оның ішінде жаңа гендік-инженерлік биологиялық препараттарды қолдану бойынша жаңартылған халықаралық клиникалық ұсыныстар ұсынылады. 
Конгресс қатысушыларына белгіленген үлгідегі сертификаттар беріледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #ревматологиялық аурулар #заманауи тәсілдер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Бүгінгі валюта бағамы

Бүгін 12:11

Тоқаев Грекия президентіне жеделхат жолдады

Бүгін 10:15

3 қаланың тұрғындарына ескерту жасалды

Бүгін 10:08

Алматыдағы Наурыз: мерекелік іс-шаралар төртінші күн қатарынан жалғасуда

Кеше 21:42

Наурыз мерекесі аясында Алматыда жас таланттар өнер көрсетті

Кеше 21:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика