конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Алматыда республикалық «EDUTALK» кеші өтті

Алматыда республикалық «EDUTALK» кеші өтті

Білім және ғылым 06.05.2025, 15:21 955 dulatbekova
Алматыда республикалық «EDUTALK» кеші өтті
Сурет: Білім беру басқармасы

Алматы қаласындағы М. Базарбаев атындағы №138 гимназияда педагогикалық еңбек ардагерлерін ұлықтауға арналған республикалық «EDUTALK» кеші өтті.

Іс-шарада ұстаз мамандығының маңыздылығы, оның қиын да қадірлі жолы мен қоғамға қосқан елеулі үлесі сөз болды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Бұл күні гимназияда «Қазақстанның Еңбек Ері», «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ұстазы» атағына ие болған танымал педагогтер: Гүлжанар Нұрпейісова, Орынша Қарабалинa, Майра Мәмбетова, Ләззат Есмағанбетова, Гүлбану Махамбетова, филология ғылымдарының докторы Асылы Осман, қоғам қайраткері, тарих ғылымдарының профессоры Қайыркен Күнафина, ҚР мәдениет қайраткері Гүлшара Есетова және еліміздің әр өңірінен келген мектеп басшылары мен мұғалімдері бас қосты.

Кештің шымылдығы «Көктегі алау» атты театрландырылған қойылыммен ашылды. Онда гимназияның жоғары сынып оқушылары Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жалғыз қазақ ұшқыш қызы – Хиуаз Доспанова мен сол кезеңдегі ерлікпен қаза тапқан барлық батырлардың рухына арнау ретінде өнер көрсетті.

Кеш барысында ұстаздар жүрек тебірентерлік естеліктерімен бөлісіп, ұстаздықтың – тек білім беру емес, адам тағдырын өзгерте алатын миссия екенін дәлелдеді.

№138 гимназия директоры Медет Қасымбаев өзінің білім ордасын басқару жолындағы өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Сахнаға шыққан ардагер ұстаздардың әрбір сөзін көрермендер зор қошеметпен қарсы алды. Кештің пікірталас бөлігі де көрермендер қызығушылығын тудырды. «Ұстаз — миссия ма, мамандық па?» деген тақырып қызу талқыланып, қатысушылар мазмұнды сұрақтар қойып, тұшымды жауаптар алды. Сондай-ақ «Бір қателік – үлкен өкініш», «Бір күлкі – мыңдаған мотивация» секілді өмірлік ой тудырар тақырыптар кеңінен талқыланды.

— Бүгінгі «EDUTALK» кеші — ашық әрі шынайы диалог алаңына айналды. Өмір жолдары мен кәсіби тәжірибелері жас ұрпаққа үлгі боларлық ұстаздар жайлы айтылған әрбір әңгіме жас буынның ұстаз мамандығына деген құрметін арттыра түсті, — деді Бостандық ауданы білім бөлімінің басшысы Айгүл Қасымбек.

Іс-шара Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі жанындағы Ардагерлер республикалық кеңесінің 2025 жылғы 26 наурыздағы №11 хаттамалық тапсырмасын орындау аясында және жалпыадамзаттық пен ұлттық құндылықтарға негізделген Бірыңғай тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #«EDUTALK» #кеш
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Нұржан Жақыпов: «Жаңартылған конституция мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара байланысын арттырады»

Бүгін 11:03

Ғазиз Төлебек: Жаңартылған конституция туризмді дамытуға сеп болады

Бүгін 11:01

Қазақстан Халық партиясының Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының күшіне енуіне байланысты мәлімдемесі

Бүгін 10:57

Алматыда «Конституция – балалар көзімен» аудандық сурет байқауының жеңімпаздары марапатталды

Бүгін 10:46

Алматы жастары жаңа Конституцияның қабылдануын қолдады

Бүгін 10:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);