AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда Республика күніне орай мың жас флешмобқа...

Алматыда Республика күніне орай мың жас флешмобқа қатысты

Әлеумет Бүгін 10:45 43
Алматыда Республика күніне орай мың жас флешмобқа қатысты

Республика күні қарсаңында Алматыдағы Қазақстан-Британ техникалық университетінің алдындағы алаңда «Менің елім – менің болашағым» атты патриоттық флешмоб өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Іс-шараға мың жас қатысып, ел болашағына үлес қосуға дайын екенін білдірді. Бұл туралы қалалық Жастар саясаты басқармасының өкілдері хабарлады.

Флешмоб фортепиано мен ансамбльдің сүйемелдеуімен өтті. Қатысушылар көлемі 14×7 метр болатын Қазақстанның Мемлекеттік туын жайып, еліміздің Әнұранын бірге шырқады.

Бағдарламаның негізгі бөлімдерінің бірі жастардың Қазақстанға арнаған үндеуі болды. Қатысушыларға «Қазақстан, болашақта саған не қалдырамыз?» деген сұрақ қойылды.

Жастар білімді ұрпақ тәрбиелеу, қауіпсіз қоғам қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғау, әділдікті сақтау және ел тәуелсіздігін нығайтуға үлес қосуға уәде берді.

«Мен білімді Қазақстанды қалыптастырамын!», «Мен қауіпсіз Қазақстан құрамын!», «Мен жасыл Қазақстанды сақтаймын!», «Әділетті Қазақстан үшін еңбек етемін!», «Қазақстанның тәуелсіздігін нығайтамын!» деген уәделер айтылды.

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жауапты, білімді әрі отаншыл азаматтарды тәрбиелеудің маңызын бірнеше рет атап өткен болатын. Іс-шарада айтылған ойлар «Адал азамат» тұжырымдамасының негізгі қағидаттарымен де үндеседі. Бұл тұжырымдамада Отанға деген сүйіспеншілік ең алдымен нақты іспен, адал еңбекпен және қоғамға пайда келтіруге дайын болумен өлшенеді», – деді акцияны ұйымдастырушылар.

Олардың айтуынша, іс-шара жастардың ел болашағы үшін жеке жауапкершілігін арттыруға және қоғамдық өмірге белсенді араласудың маңызын көрсетуге бағытталған.

Флешмоб соңында қатысушылар Мемлекеттік Әнұранды бірге орындады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#флешмоб
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ мен Су ресурстары министрлігі әріптестікті арттырады

Бүгін 11:29

Асқар Жұмаділдаев: «Біздің міндетіміз – егемендікті нығайтып, елді дамыту»

Бүгін 11:17

Айгүл Сәдуақасова: «Тәуелсіздікті әрбір азамат нақты істерімен нығайтуы қажет»

Бүгін 11:14

Жомарт Симтиков: «Жастар - тәуелсіз Қазақстанның басты жетістіктерінің бірі»

Бүгін 11:12

Алуа Ибраева: «Декларация құқықтық мемлекет пен ел заңнамасының негізін қалады»

Бүгін 11:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);