Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Референдум / Алматыда референдумға 1 миллион 311 мыңнан астам а...

Алматыда референдумға 1 миллион 311 мыңнан астам азамат қатыса алады

Референдум Бүгін 14:21 27
Алматыда референдумға 1 миллион 311 мыңнан астам азамат қатыса алады
depositphotos.com

Алматы қаласы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Айгүл Қалықова референдум өткізу тәртібіне қатысты маңызды сауалдарға жауап берді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматы қаласында 654 референдум учаскесі бар. Оның 582-сі азаматтардың тұрақты тіркелген мекенжайлары бойынша, ал 72-сі уақытша болатын орындарда – ауруханаларда, әскери бөлімдерде және өзге де мекемелерде жұмыс істейді. Референдумға барлығы 4 615 комиссия мүшесі қатысады. Оның ішінде 63 адам – аумақтық комиссия мүшелері (бір қалалық және сегіз аудандық комиссия), ал 4 552 адам – учаскелік референдум комиссияларының мүшелері.

Қазіргі таңда барлық комиссия өз жұмысын бастады. Аумақтық комиссиялар Президенттің референдум өткізу туралы Жарлығы 12 ақпанда ресми жарияланған сәттен бастап іске кірісті. Ал учаскелік комиссиялар 22 ақпаннан, яғни референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тізімдері учаскелерге берілген күннен бастап жұмыс істеп келеді.

Дауыс беру 15 наурыз күні таңғы сағат 07:00-ден кешкі 20:00-ге дейін өтеді. Уақытша болатын орындарда орналасқан кейбір арнайы учаскелерде өндірістік қажеттілікке байланысты дауыс беру уақыты өзгеруі мүмкін. Мұндай 71 учаскеде дауыс беру таңғы сағат 06:00-де басталады. Егер тізімдегі барлық азамат дауыс беріп үлгерсе, дауыс беру мерзімінен бұрын аяқталуы мүмкін.

«Референдумға 18 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Алматы қаласы бойынша сайлаушылар тізіміне 1 миллион 311 мыңнан астам азамат енгізілген. Тұрақты тіркелген мекенжайлар бойынша ашылған 582 учаскеде дауыс беру сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін өтеді. Референдумға қатысу үшін азамат 15 наурыз күні өз учаскесіне жеке басын куәландыратын құжатпен келуі тиіс. Комиссия мүшелері азаматты тізімнен тексеріп, бюллетеньді алғаны туралы қол қойдырады. Бюллетеньге комиссия мүшесі де қол қояды, содан кейін азаматқа табысталады», – дейді Айгүл Қалықова.

2026 жылғы 15 наурызда өтетін референдум күні тіркелген мекенжайынан тыс жерде болатын қала тұрғындары алдын ала есептен шығару куәлігін рәсімдеп, нақты орналасқан жері бойынша дауыс бере алады.

Айгүл Қалықова бұл тетік дауыс беру күні басқа елдімекенде болатын азаматтар үшін заңнамада қарастырылғанын еске салды.

«Егер азамат белгілі бір себеппен дауыс беру күні өзінің тіркелген жерінде болмаса, ол дауыс беру құқығына арналған есептен шығару куәлігін ала алады», – деді Айгүл Оразқызы.

Ол үшін 14 наурыз күні сағат 18:00-ге дейін өзінің учаскелік комиссиясына барып, өтініш жазып, жеке басын куәландыратын құжатты көрсету қажет. Куәлік берілгеннен кейін азаматтың тұрақты тіркелген жеріндегі сайлаушылар тізіміне тиісті белгі қойылады.

«Осы куәлік арқылы азамат басқа жердегі кез келген учаскеде дауыс бере алады. Ал бір елдімекеннің ішінде есептен шығару куәлігі берілмейді», – деп атап өтті комиссия төрағасы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #референдум
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Референдумда басқа біреудің атынан дауыс бергендер айыппұл арқалайды

Бүгін 15:34

Тіркелген мекенжайдан тыс дауыс беру тәртібі қандай?

Бүгін 15:30

Заң мен тәртіп: қауіпсіз қоғам - Алматыда дәрігерлермен құқықтық кездесу өтті

Бүгін 15:27

Щучинскіде жарылыстан қаза тапқандар саны артты

Бүгін 15:25

Алматы вакциналауды күшейтіп, кез келген жағдайға дайын отыр - Денсаулық басқармасы

Бүгін 15:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі