Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / АЭС: Референдум / Алматыда референдумда дауыс берген алғашқы сайлауш...

Алматыда референдумда дауыс берген алғашқы сайлаушыларға тәтті сыйлықтар берілді

АЭС: Референдум 06.10.2024, 09:31 928
Алматыда референдумда дауыс берген алғашқы сайлаушыларға тәтті сыйлықтар берілді
Алматы қаласы әкімдігі

Бүгін Қазақстанда АЭС құрылысы мәселесі бойынша республикалық референдум жүріп жатыр. Алматыда барлық 624 сайлау учаскесі ашылды. М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар колледжінде орналасқан №84 сайлау учаскесі таңғы 07:00-де есігін айқара ашты.

Учаскеде сайлау бюллетеньдерін беру орны, құпия дауыс беруге арналған кабиналар және стационарлық мөлдір жәшік орнатылған.

Сайлау учаскесі ашылғанға дейін-ақ азаматтық парызын өтеуге келгендердің қарасы көп болды. Қалыптасқан дәстүр бойынша учаскеде алғашқы сайлаушыларға символикалық сыйлықтар берілді. 

«Бүгін алғашқы болып дауыс бергендерге тәтті сыйлықтар берілді. Сондай-ақ, алғаш рет референдумға келгендерді де марапаттадық. Жалпы, атмосфера салтанатты, сайлау үдерісінің ыңғайлылығы үшін барлық жағдай жасалған», – деді №84 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Ғалымжан Әшірбаев.

Оның айтуынша, бұл учаскеде 1469 адам тіркелген, оның ішінде 217 адам алғаш рет дауыс берсе, алматылық Қазыбек Әліханов үшін референдум күні туған күнімен сәйкес келді. Сондай-ақ учаскеде 279 зейнеткер және ерекше қажеттілігі бар 9 адам тіркелген, оларға арнайы кабиналар қарастырылған. Есту қабілеті нашар тұрғындар құлаққаппен жабдықталған компьютерді пайдалана алады. Көру қабілеті нашар адамдар үшін Брайль қарпімен жазылған арнайы бюллетеньдер, қосымша жарық және лупалар бар. Сонымен қатар, онлайн режимде сурдоаудармашылар кезекпен жұмыс істейді.

«Менің ойымша, референдумға қатысу – әрбір азаматтың борышы. АЭС салу мәселесі өте маңызды. Интернеттен жаңалықтар мен пікірлерді оқу бір бөлек, ал таңдау жасап, өз дауысыңды беру мүлде басқа», – деп алматылық Максим Горбачев ойын айтты. 

Ең белсенді қала тұрғындары таңдауын жасап үлгерді.

«Мемлекеттің дамуына үлес қосуға бізде бірегей мүмкіндік бар. Оны пайдалануымыз керек!», – деді сайлаушы Данияр Ысқақов.

Айта кету керек, егер сайлаушылар белгілі себеппен учаскеге келе алмаса, комиссия мүшелері жылжымалы жәшікпен үйлеріне барады.

Еске сала кетейік, бүгін Қазақстан аумағында атом электр станциясын салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтіп жатыр. Алматы әкімі Ерболат Досаев жұбайымен бірге таңертең №388 мектеп-лицейінде орналасқан сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді. Қаладағы сайлау учаскелері сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#АЭС #референдум #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Референдум-2026: Алматыда дауыс беру учаскеңізді қалай білуге болады

Бүгін 09:15

Ауа райы күрт суыды: Астанада бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқуға көшті

Бүгін 09:04

БҚО-да шенеунік мектеп оқушысын зорлады деген күдікке ілінді

Бүгін 08:51

14 өңірде дауылды ескерту жарияланды: қар, бұрқасын, тұман күшейеді

Бүгін 08:41

Әлеуметтік және денсаулық сақтау салаларының қызметкерлері алдағы республикалық референдумға қолдау білдірді

Кеше 20:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі