Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Референдум / Алматыда референдум күні 170 «Инватакси» көлігі же...

Алматыда референдум күні 170 «Инватакси» көлігі желіге шығады

Референдум Бүгін 13:19 31
Алматыда референдум күні 170 «Инватакси» көлігі желіге шығады
Алматы әкімдігі

Алматыда ерекше қажеттілігі бар тұрғындар республикалық референдум өтетін күні сайлау учаскелеріне бару үшін «Инватакси» қызметін тегін пайдалана алады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Учаскелердің қолжетімділігін қамтамасыз ету және қала тұрғындарының кедергісіз қатынауына жағдай жасау мақсатында «Инватакси» қызметінің жұмысын қаланың Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы ұйымдастырады.

Қызмет арбамен жүретін және тірек-қимыл аппараты бұзылған азаматтарға, сондай-ақ көру қабілеті бұзылған адамдарға арналған.

Референдум күні қалада 170 «Инватакси» автокөлігі жұмыс істейді. Оның ішінде 36 арнайы жабдықталған көлік және 2020 жылдан ерте шығарылмаған 134 жеңіл автомобиль бар. Сонымен қатар Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көлік қызметін көрсету үшін қосымша 20 кезекші автокөлік тартылады.

«Инватакси» қызметіне диспетчерлік қызметтердің телефон нөмірлері арқылы тапсырыс беруге болады.

Арбамен қозғалатын және тірек-қимыл аппараты бұзылған азаматтар үшін:

+7 707 710 60 50

+7 747 195 35 75

+7 747 402 64 15

Көру қабілеті бұзылған азаматтар үшін:

+7 727 338 32 78

+7 705 980 87 09

+7 705 831 48 14

Сондай-ақ, референдум күні кезекші автокөлікті +7 700 151 0701 немесе 338-30-09 нөмірлері арқылы шақыруға болады.

Көрсетілген нөмірлерге тұрғындар «Инватакси» қызметінің сапасына қатысты сұрақтар туындаған жағдайда немесе тасымалдау барысында мәселелер пайда болса да хабарласа алады. Бұл іс-шаралар азаматтардың еркін қозғалуын қамтамасыз етуге және республикалық референдумға қатысу үшін баршаға тең мүмкіндік жасауға бағытталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Конституция #инватакси
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық дәрігер балаларды қызылшадан қалай қорғау керегін түсіндірді

Бүгін 14:55

Атырау облысындағы бүтін бір отбасының өлімі: ұлы мен қызы жер қойнына тапсырылды

Бүгін 14:25

Алматыда қалың қар жауды: қала көрінісі қандай?

Бүгін 13:56

Алматыдағы референдум учаскелері саяси науқанға дайын

Бүгін 13:40

Қазақстанда "Nauryz Sale" мерекелік акциясы басталады

Бүгін 13:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика