ffin.kz

Алматыда қызылшамен ауырған балалардың саны екі мыңнан асып кетті

Алматыда қызылшамен ауырған балалардың саны екі мыңнан асып кетті Сурет: Astanatv.kz

Вакцинация - қызылшаны жұқтырудың алдын алатын жалғыз тиімді құрал.


Қазіргі уақытта Алматы қаласында қызылшамен сырқаттанушылық бойынша тұрақсыз эпидемиологиялық жағдай байқалады. Биыл оңтүстік мегаполисте наурыз айынан бастап қызылшаның 2653 зертханалық расталған жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 2084 жағдай (78,5%), оның ішінде 1 жасқа дейінгі балалар арасында 275 жағдай. 
Қызылшаның зертханалық расталған 2653 жағдайының ең үлкен үлес салмағы 78,5% құрайды (2084 жағдай) 14 жасқа дейінгі балалар, 15 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында – 4,2% (111 жағдай) және ересектер арасында – 21,9% (458 жағдай).


Балалар арасындағы аурушаңдығы негізінен вакцинациядан бас тарту себебінен болып табылады, сондай-ақ вакцинациядан медициналық босату және егу жасына жетпеу салдарынан тіркеледі. 
2084 баланың 1969-ы егілмеген (94,4%), оның ішінде бас тарту себебінен – 1412 (72,05%), медициналық қарсы көрсетілімдер – 275 (13,9%) және егу жасына (1 жасқа дейін) жетпеген – 275 (13,9%).


Контингенттер бойынша қызылша аурушаңдығы ұйымдастырылмаған балалар арасында тіркеледі–877 жағдай (34,3%), ұйымдастырылған балалар арасында – 447 жағдай (17,5%), оқушылар арасында – 354 жағдай (13,8%), студенттер арасында – 94 жағдай (3,7%), жұмыс істемейтіндер арасында –123 жағдай (4,8%), әртүрлі саладағы қызметкерлер арасында –632 жағдай (24,7%), медицина қызметкерлері арасында –12 жағдай (0,4%).


Қызылшаны жұқтырудан, сондай-ақ олардың асқынуынан алдын алатын жалғыз тиімді құрал тек вакцинация болып табылады. Қызылшаға қарсы жоспарлы вакцинация 2 рет, біріншісі – 1 жаста (12-15 ай), екіншісі – 6 жаста жүргізіледі, бұл вакцинациядан кейінгі иммунитетті дамытуға мүмкіндік береді. Қызылшаға қарсы вакцинаның әрбір алынған дозасы баланың иммунитетін күшейтеді.
Екпелерді жүргізу үшін ДДҰ сертификаттаған және Қазақстан Республикасында тіркелген қызылшаға, қызамыққа, эпидемиялық паротитке қарсы аралас вакцина қолданылады. Вакцинация тұрғылықты жері бойынша қаланың емханаларының барлық егу кабинеттерінде тегін жүргізіледі.


Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2023 жылғы 01 қарашадағы «Қызылшаға қарсы санитариялық-эпидемиялық және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» №7 Қаулысына (бұдан әрі – ҚР БМСД Қаулысы)  сәйкес ағымдағы жылдың 10 қарашасынан бастап қалада қызылшаға, қызамыққа, паротитке қарсы вакцинаның (бұдан әрі – ҚҚП) қалдығы ескеріле отырып6 айдан бастап 10 ай 29 күнге дейінгі балаларды қызылшаға, қызамыққа, паротитке қарсы қосымша жаппай иммундау басталды (бұдан әрі – қызылшаға қарсы ҚЖИ), ол қызылшамен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанға дейін жалғасатын болады.


Ағымдағы жылдың 10-27 қараша аралығында қалада қызылшаға қарсы ҚЖИ шеңберінде барлығы 5006 бала қамтылды, оның 6 айдан бастап 10 ай 29 күнге дейінгі 3636 бала, 2 жастан 4 жасқа дейінгі балалар – 849, басқа жастағы балалар – 521. ДМИ қаласында қызылшаға қарсы ҚР БМСД қаулысына сәйкес кезең-кезеңімен өткізілетін болады.


2 жастан 4 жас 11 ай 29 күнге дейінгі балаларға, медицина қызметкерлері мен денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлеріне қызылшаға қарсы ҚЖИ өткізу 2023 жылғы 5 желтоқсаннан бастап қызылшаға, қызамыққа, паротитке қарсы вакцина (бұдан әрі –ҚқП) партиясы келіп түскеннен кейін басталатынын қосымша хабарлаймыз.


Сондай-ақ, Ұлттық профилактикалық егу күнтізбесіне сәйкес 1 жас (12-15 ай) және 6 жас аралығындағы балаларды қызылшаға, қызамыққа, паротитке қарсы жоспарлы иммундау жалғасуда.


Департамент балалардың барлық ата-аналарды , әсіресе 6 айдан 10 ай 29 күнге дейінгі балалардың,  2 жастан 4 жас 11 ай 29 күнге дейінгі қызылшаға қарсы ДМИ-ге жататын балалардың, сондай-ақ қызылшаға, қызамыққа, паротитке қарсы жоспарлы иммундауға жататын 1  және 6 жастағы балалардың ата-аналарына қызылшаға қарсы екпе алу үшін тұрғылықты жері бойынша емханаға уақтылы жүгінуге шақырады.  


Бұдан басқа, бұрын ҚКП-ға қарсы егілмеген басқа жастағы (18 жасқа дейінгі) балалар аумақтық емханада қуып жететін иммундау бойынша екпе ала алады.


Қазіргі уақытта Алматы қаласының  Денсаулық сақтау басқарқармасының қоймасында 77811 доза мөлшерінде ҚҚП вакцинасы бар.


Қаладағы тұрақсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты аурудың белгілері пайда болған кезде келесі қағидаларды қатаң түрде ұсынылады:
- өзін-өзі емдеумен айналыспау, дәрігерді үйге шақырып және дәрігердің нұсқауы бойынша ем алу;
- үйде болу, жұмыс орындарына, сондай-ақ қоғамдық орындарға бармау. Әсіресе, амбулаториялық емделіп жатқан науқастар үйде оқшаулауды қатаң сақтауы керек;
- ауырғанбалаларды ұйымдасқан ұжымдарға, мектептерге, МДБҰ-ға, т.б жібермеу.


Оңтүстік мегаполистің эпидемиологтары қызылшаның жұқпалы және қызылша инфекциясынан кейінгі ықтимал асқынуларымен қауіпті екенін еске салады. Аурудың ауыр ағымында асқынулар дамиды, мысалы, ортаңғы құлақтың, өкпенің, трахеяның, бронхтың қабынуы, сондай-ақ мидың қабынуы. Көбінесе асқынулар бес жасқа дейінгі балаларда немесе 30 жастан асқан ересектерде дамиды. Ең ауыр асқынуларға соқырлық, энцефалит (мидың ісінуіне әкелетін инфекция), ауыр диарея және онымен байланысты дегидратация, құлақ инфекциясы (отит) және пневмония сияқты ауыр тыныс жолдарының инфекциялары жатады.


Қызылшаға қарсы вакцинация – қызылшаны жұқтыруды, сондай-ақ оның асқынуын болдырмайтын жалғыз тиімді құрал. Осыған байланысты ата-аналарды өз баласының денсаулығына жауапкершілікпен қарауға, екпелерді уақытында алуға, сондай-ақ қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундау шеңберінде баланы вакцинациялауға шақырамыз!

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:10

18:45

18:02

17:43

17:39

17:31

17:20

17:17

17:05

16:54

16:41

16:15

16:05

15:56

15:39

15:21

15:14

14:45

14:40

14:34

14:07

13:47

13:30

12:58

12:32