AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда қызметкерлерінің жалақысын кешіктірген жұ...

Алматыда қызметкерлерінің жалақысын кешіктірген жұмыс берушілерге айыппұл салынды

Әлеумет 07.09.2022, 08:45 1,239
Алматыда қызметкерлерінің жалақысын кешіктірген жұмыс берушілерге айыппұл салынды
Сурет: Kaztag.kz

Еңбек заңнамасы нормаларының 390 рет бұзылғаны анықталды.


Жыл басынан бері Алматы қалалық еңбек инспекциясының қызметкерлері азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған 320 жоспардан тыс тексеру жүргізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 



«Тексеру барысында еңбек заңнамасы нормаларының 390 рет бұзылғаны анықталды, заң бұзушылықты жою туралы 220 нұсқама берілді», - деді Алматы қаласы еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Еркінбек Әмірғалиев.



Сонымен қатар, ол қызметкерлеріне жалақыны уақтылы төлемеген жұмыс берушілердің әкімшілік жауапқа тартылғанын айтты. 



«24,2 млн теңгеге 179 заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды (86 заңды тұлғаның еңбек ақысын уақтылы төлемегені үшін 18 млн теңге төленді). Жеке және заңды тұлғалардың 3 136 өтініші қаралды. Жалақы бойынша 212 кәсіпорында 300,8 млн теңгеге берешек өтелді, осылайша 642 қызметкердің еңбек құқықтары қорғалды», - деді ол. 



Спикердің сөзінше, жыл басынан бері өндіріспен байланысты 59 жазатайым оқиға тіркелген. 



«Зардап шеккендер саны – 70, оның ішінде қайтыс болғаны – 6 адам, ауыр дәрежедегі жарақат алғандар – 21 адам, жеңіл дәрежедегі жарақат алғандар – 43 адам. Еңбек заңнамасының нормаларын түсіндіру бойынша қала кәсіпорындарында 2 236 адамның қатысуымен 87 кездесу өтті», - деп түсіндірді Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингіде Алматы қаласы еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Еркінбек Әмірғалиев.



 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#еңбек #заң #құқық #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Нұрлыбек Нәлібаев «KUSTO GROUP», «CP GROUP», «CP CHINA» компанияларының басшыларымен инвестициялық ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Кеше 22:45

Қасым-Жомарт Тоқаев Комиссияға Қорғаныс министрлігінің жаңа басшылығымен бірлесіп, анықталған кемшіліктерді жою жөнінде нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырды

Кеше 18:36

Алматыда Мұғалімдер күніне орай қаланың үздік педагогтері марапатталды

Кеше 17:47

Балалар алаңынан үлкен қоғамдық кеңістікке дейін: Алматыда Бұрындай көшесіндегі аумақ жаңарды

Кеше 17:44

Мемлекет басшысына Қорғаныс министрлігін тексеру жөніндегі комиссия жұмысының алғашқы нәтижелері туралы есеп берілді

Кеше 17:34
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);