AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда құрылыс нысанына айыппұл салынды

Алматыда құрылыс нысанына айыппұл салынды

Заң мен тəртіп 22.11.2024, 11:00 1,011 dulatbekova
Алматыда құрылыс нысанына айыппұл салынды
Сурет: Polisia.kz

Алматы қаласында табиғатты қорғау полициясы Бостандық ауданы әкімдігінің қоршаған орта және экология бөлімімен бірлесіп, экологиялық талаптарды бұзған және абаттандыру ережелерін сақтамаған құрылыс нысанын анықтады.

Құрылыс алаңында қоқыс қалдықтарының шамадан тыс жиналуы және лас қоқысты рұқсатсыз тасымалдау фактілері тіркелген. Осыған байланысты учаске басшысы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұдан бөлек, болашақта осындай заң бұзушылықтардың алдын алу үшін түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қалдықтарды өңдеудегі экологиялық талаптардың бұзылуы туралы материал Алматы қаласының Экология департаментіне жолданды. 

Алматы қаласы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Айтан Елеусізовтің айтуынша, «Таза Қазақстан» жалпыреспубликалық бағдарламасы мен «Алматы – ортақ үйіміз» қалалық кампаниясы аясында қаланы абаттандыру және экологиялық талаптарды сақтау шаралары күшейтілген.

«Жарқын күз» шарасы аясында 16 қыркүйектен бастап қалада абаттандыру ережелері мен санитарлық нормаларды бұзған 2 757 дерек тіркелсе, қоғамдық орындарды ластағаны үшін 2 232 хаттама толтырылды. Ірі көлемдегі қалдықтарды, сынған жиһаздарды, тұрмыстық техника мен құрылыс қалдықтарын жинақтаған 569 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Алматының табиғатты қорғау полициясы барлық азаматтарды қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауға және қалдықтарды шығару ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Себебі табиғаттың тазалығы мен денсаулығы әрбір адамның саналы әрекетіне байланысты.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #құрылыс нысаны #Айыппұл #Таза Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Astana AI Film Festival халықаралық AI-фильмдер байқауы әлемнің түкпір-түкпіріндегі креаторлардан өтінім қабылдауды бастады

Бүгін 19:35

Алматыға Шанхай ғылым және технологиялар колледжі делегациясы келеді

Бүгін 18:42

Алматының ажары

Бүгін 18:12

Алматылық Камиля Досмалова пара таэквондодан Азия чемпионы атанды

Бүгін 16:51

Алматы тұрғындары «Таза бейсенбі» экологиялық акциясына қатысты

Бүгін 16:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);