Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері б...

Алматыда құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша ведомствоаралық кеңес өтті

Заң мен тəртіп 26.09.2024, 14:26 1,214
Алматыда құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша ведомствоаралық кеңес өтті
Сурет: Polisia.kz

2024 жылдың 25 қыркүйегінде Прокуратура мен Медеу аудандық полиция басқармасы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша ведомствоаралық кеңес өткізді.

Шараға аудандағы ойын-сауық мекемелерінің өкілдері шақырылған. Медеу ауданындағы мәселелердің бірі – дәмханалар, мейрамханалар мен түнгі клубтарда жиі орын алатын қылмыстар, деп хабарлайды aqshamnews.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қадағалау органының мәліметінше, 2024 жылдың 8 айында аудандағы 5 белгілі мекемеде 12 қылмыс, оның ішінде 11 күш қолдану арқылы бұзақылық және 1 кісі өлтіруге оқталу деректері орын алды. Бір атақты мейрамханада 12 қылмыстың 6-ы жасалған.

Полиция мен прокуратура кейбір мекемелерде бейнебақылау камералары жартылай жоқ екендігін анықтады. Оқиғалардан кейін қауіпсіздік қызметі жанжалдардың алдын алу үшін дер кезінде шара қолданбаған және полицияға да хабарламаған. Қылмыстық құқық бұзушылықтардан басқа, қоғамдық тәртіпті бұзу және басқа да құқық бұзушылық деректері бар. Бұл жанжал тудырып, қылмыс жасауға жағдай туғызады. Полицейлер аталған құқық бұзушылықтар үшін 200-ден астам адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты.

 Ойын-сауық мекемелеріне азаматтардың қауіпсіздігі үшін қосымша шаралар қабылдау, қауіпсіздікті күшейту, келушілермен профилактикалық іс-шараларды уақтылы жүргізу, бейнебақылау камераларын 100% орнату және басқа да бірқатар шараларды жүргізу тапсырылды. Өз кезегінде полицейлер мұндай орындарды аралап, әрбір құқықбұзушылыққа дереу ден қойып, кінәлілерді жауапкершілікке тарту шараларын қолға алып жатыр. Жалпы ведомствоаралық кеңестің қорытындысы бойынша құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған бірқатар нақты тапсырмалар берілді.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #құқық бұзушылық #ведомствоаралық кеңес
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда төтенше жағдайлар қызметі цифрланып жатыр

Бүгін 12:35

ҚР Президентінің кеңесшісі Алексей Цой Алматы қалалық кардиологиялық орталығына келді

Бүгін 12:32

Бүйрегін сатқысы келген ер адамға сот үкімі шықты

Бүгін 12:26

Балабақшаларда жасанды интелект қалай қолданылады?

Бүгін 11:58

Алматыда студенттік тұрғын үй мәселесі қалай шешілуде: жатақханалардағы 46,2 мың орын және жаңа жобалық кеңсе

Бүгін 11:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі