AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Алматыда «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» аңызының желісі...

Алматыда «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» аңызының желісімен сатиралық қойылым өтті

Мәдени Алматы 16.04.2026, 10:18 614
Алматыда «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» аңызының желісімен сатиралық қойылым өтті

«Алатау» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында қазақ халқының «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» аңызы кейіпкерлерінің махаббатына арналған «Сезімдер айтысы» атты сатиралық театрландырылған қойылым өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қойылымды музыкалық жетекші Еркебұлан Байжұма дайындап, сахналады. Оның негізінде қазақтың айтыс дәстүрі мен театр өнерінің элементтерін үйлестірген авторлық сценарий жатыр.

Сюжет қыздар мен жігіттер арасындағы әзіл-сықақ айтыс түрінде өрбиді. Бас кейіпкерлер сахнаға домбырамен шығып, тапқыр сөз, ұтымды әзіл және ізгі тілектер арқылы өнер көрсетеді.
Қойылымда ұлттық салт-дәстүр, соның ішінде дастархан басындағы шай ішу көрінісі де көркем бейнеленеді. Қорытынды бөлімде Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу арасындағы мөлдір махаббат хикаясы көрініс тауып, махаббат туралы әнмен түйінделеді.

Концерттік бағдарламаға орталықтың әлеуметтік қызмет алушысы қатысты. Іс-шара форматы көрермендермен тікелей байланыс орнатуға бағытталған.

Орталықтың негізгі мақсаты – мүмкіндігі шектеулі адамдарды оңалту және қоғамға бейімдеу, олардың қарым-қатынас жасау дағдысын дамыту, шығармашылық әлеуетін ашу және мәдени өмірге тарту. Ән айту, би билеу, көркем сөз оқу және театр өнері сияқты шығармашылық бағыттар тұлғаның бейімделуі мен өзін-өзі жүзеге асыруының маңызды тетігі.

Іс-шараның мақсаты — қатысушылардың шығармашылық жетістіктерін паш ету, эстетикалық тәрбие беру және артистер мен көрермен арасында эмоциялық байланыс орнату.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#махаббат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19

Алматының Жетісу ауданында ұзындығы бір шақырымнан асатын аллея көркейтіліп, «Жетісу» саябағы жаңартылды

Бүгін 10:44

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қашан өтеді?

Бүгін 10:11

Сәрсенбі күнгі ауа райы мәліметі

Бүгін 09:05

Президент тапсырмасына сәйкес автожол саласын реформалау жөніндегі үкіметтік жұмыс тобы құрылды

Бүгін 08:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);