AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда қоғамдық көлік жүргізушісіне айыппұл салы...

Алматыда қоғамдық көлік жүргізушісіне айыппұл салынды

Заң мен тəртіп 27.07.2022, 08:37 960
Алматыда қоғамдық көлік жүргізушісіне айыппұл салынды
Сурет: Polisia.kz

Қоғамдық көлік басқару категориясы жоқ автобус жүргізушісіне  айыппұл салынды.


Алматыда қоғамдық көлік жүргізушісіне айыппұл салынды,  деп хабарлайды  Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Алматыда жол-көлік оқиғаларының алдын алу мен оның салдарын азайтуға бағытталған “Қауіпсіз жол” республикалық айлығы өтуде.



"Оның мақсаты – алдын алу жұмыстарын жандандыру және жол қозғалысына қатысушылар арасында жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарының сақталуына бақылауды күшейту, тиісті қоғамдық тәртіпті, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және көліктегі жазатайым оқиғаларды азайту. Жолаушылар мен жүктерді көлікпен тасымалдауды жүзеге асыру барысында жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бақылауға да ерекше назар аударылатын болады", – деді Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Болатбек Баятанов.



Рысқұлов даңғылында 47-ші бағыттағы қоғамдық көлікті тексеру үшін тоқтатқан. Жүргізушісінде қоғамдық көлік жүргізу категориясы жоқ екені анықталды.



"Ер адам ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 4-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айыппұл сомасы 93 мың теңгені құрады. Осы ретте айта кетейін, дәл осы жүргізушіге бір ай бұрын қоғамдық көлікті жүргізуге құқығы жоқ екені алғаш анықталғанда айыппұл салған болатынбыз. Бірақ көріп тұрғанымыздай, дұрыс қорытынды шықпады. Оның үстіне автопарк басшылығы да бұл заң бұзушылықты жою үшін ешқандай шара қолданбай, автобусты жүргізуге құқығы жоқ жүргізушіні қайтадан жолға шығарды. Бұл жолы автокәсіпорын әкімшілігі ҚР ӘҚБтК-нің 619-бабы бойынша жауапқа тартылды. Айыппұл мөлшері – 40 АЕК", – дейді Әуезов аудандық ПБ әкімшілік тәжірибе бөлімінің басшысы Баукен Бәйімбетов.



Осы кезде Жетісу ауданының полицейлері қалааралық жолаушылар тасымалымен айналысатын автобустардың техникалық жағдайын тексерді. Рейд еліміздің оңтүстік өңірлеріне тұрақты автобустар шығатын базарлардың бірінің аумағында жүргізілді.



"Жүргізушілер тарапынан болған ұсақ бұзушылықтар сол жерде жойылды. Өрескел құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда автобус рейстен шығарылып, мамандандырылған айыппұл тұрағына жеткізілді. Алдыңғы шептегі қызметтердің жеке құрамына жүктелген негізгі міндет – жол қозғалысы ережелерін бұзу деректерін, ЖҚЕ талаптарын елемейтін жүргізушілерді анықтау, жолын кесу, өрескел бұзушылықтардан бастап көлікті мас күйінде жүргізу, қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шығу, қауіпсіздік белдіктерін қолданбау, көлік құралын жүргізу кезінде телефонмен сөйлесу, мемлекеттік нөмірі жоқ көлік құралын жүргізу, жол-көлік оқиғасының белгілері айқын көліктерді анықтау", – деді Б.Баятанов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#қоғамдық көлік #Жүргізуші #Айыппұл
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алатау қаласының арнаулы мәртебесі туралы заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды

Бүгін 12:28

Қыздарды селт еткізген, жігіттерді оятқан дәстүр: оның Наурызбен байланысы қандай?

Бүгін 12:05

Алатау қаласында жалға берілген жерлер қандай жағдайда кері қайтарылады?

Бүгін 11:39

Ораза айт күні қандай амалдар жасау керек?

Бүгін 11:29

Жамбыл облысында 5 млн теңге бопсалаған қоғамдық белсенді ұсталды

Бүгін 11:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика