AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Алматыда ҚБТУ базасында «ақылды» қаланың зертханас...

Алматыда ҚБТУ базасында «ақылды» қаланың зертханасы ашылды

Білім және ғылым 01.04.2022, 09:19 1,789
Алматыда ҚБТУ базасында «ақылды» қаланың зертханасы ашылды
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Зертхана Алматы қаласын цифрландыру және процестерді автоматтандыру саласын жетілдіруге арналған.


Қазақстан-Британ техникалық университетінде Алматының цифрландыру басқармасымен және IGLUS халықаралық швейцариялық ұйымымен бірлесіп SMART CITY Lab зертханасының ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



«Қазіргі уақытта қалалардың дамуы қолданбалы тәжірибеге және жекелеген бағыттардың білім базасына байланысты. Ақылды қалаларды басқару әдіснамасына негізделген бұл жоба ақпарат пен құзыреттілікті бір жерде жинау мен талдауды орталықтандыруға мүмкіндік береді. Алматы әлемдік озық тәжірибеге тұрақты қолжеткізе алады және инфрақұрылымы дамыған заманауи қала ретінде дамитын болады», – деп мәлімдеді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров.



Мамандардың пікірінше, «ақылды» қалалық зертхана практикалық шешімдердің  көзі болып табылады.



«Біз адамдарға жүйелі түсінік алуға көмектесеміз, өйткені қалалар күрделі жүйелер. Біз, сайып келгенде, қала тұрғындарының осы тәсілді нақты сезінуін қалаймыз. Көпшілік қолдана алатын ғаламдық желінің аспектілеріне тоқталамыз», – деді Лозанна федералды политехникалық мектебінің профессоры Маттиас Фингер.



Жоба қалалық жүйелердің тиімділігін бағалауға және талдауға, инфрақұрылымды дамытуға және Smart City и Smart Systems магистратурасы мен зияткерлік жүйелердің білім беру бағдарламалары бойынша кадрлардың біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.



«Бұл Қазақстан мен Орталық Азия аумағындағы осындай алғашқы зертхана және біз оны Алматыдағы ҚБТУ-да ашуды мақтан тұтамыз. Біз серіктестерімізбен бірге осы зертхананың міндеттері мен мақсаттарын іске асырып, жаңа мамандарды, магистранттар мен докторанттарды оқытып, қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал етіп, сүйікті қаламыздың инфрақұрылымын жаңғырту үшін жаңа шешімдер енгізетін боламыз», – деп атап өтті ҚБТУ ректоры Маратбек Ғабдуллин.



Болашақта ҚБТУ базасында цифрландыру басқармасының бөлімшесін ашу жоспарлануда, бұл қызметкерлерге IT саласында магистранттар мен докторанттармен бірлесіп жобаларды әзірлеуге мүмкіндік береді.



Анықтама: IGLUS – бұл Лозаннадағы Швейцария Федералды технологиялық институт құрған ғылыми-зерттеу бағдарламасы: Лозанна Федералды политехникалық мектебі (EPFL) 2011 жылы ірі, күрделі және динамикалық қалалық жүйелерді басқаруды жақсартуға бағытталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қбту #зертхана #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Президент атынан 60 пәтердің кілті мен 13 мемлекеттік награда табысталды

Бүгін 20:26

Дуалдық оқыту жүйесінің тиімділігі: Демо емтихан – студент білімінің айнасы

Бүгін 18:28

Алматыда 2026 жылдың басынан бері үшінші үшем дүниеге келді

Бүгін 17:31

Алматының орталығындағы заңсыз нысан сот шешімімен сүріліп жатыр

Бүгін 17:21

8 мыңға жуық оқушы бадминтонмен тұрақты айналысуға мүмкіндік алады

Бүгін 17:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);