Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» байқау-көрмес...

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» байқау-көрмесінің өңірлік кезеңі өтті

Барлығы 16.08.2025, 16:13 577
Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» байқау-көрмесінің өңірлік кезеңі өтті
Алматы әкімдігі

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» байқау-көрмесінің өңірлік кезеңі өтті.

Абай алаңында, Республика сарайының алдында «Қазақстанның үздік тауары» республикалық байқауының өңірлік кезеңі өтті. Іс-шараға Алматы әкімі Дархан Сатыбалды, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы Райымбек Баталов, сондай-ақ қала кәсіпкерлері қатысты.

Бұл байқау 2006 жылдан бері Мемлекет басшысының тапсырмасымен өткізіліп келеді. Мақсаты – отандық өндірушілерді қолдау, шағын және орта бизнесті дамыту, қазақстандық өнімді тұтыну мәдениетін қалыптастыру және ішкі нарықты сапалы, бәсекеге қабілетті тауармен қамтамасыз ету.

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды қатысушыларды құттықтап, байқаудың кәсіпкерлікті қолдаудағы маңызына тоқталды. Әкімнің айтуынша, өңірлік кезеңнің жеңімпаздары уақыт сынынан өткен өнім сапасының мойындалуына қол жеткізіп қана қоймай, Алматыны ұлттық деңгейде таныстыру жауапкершілігін де арқалайды.

«Құрметті қатысушылар мен жеңімпаздар! Сіздермен бүгін осында жүздескеніме қуаныштымын. «Қазақстанның үздік тауары» байқауы Алматыда игі дәстүрге айналды. Жеңіс жай ғана марапат емес, бұл ең әуелі сіздердің өнімдеріңіздің жоғары сапасына берілген баға. Сіздердің тауарларыңызды алматылықтар ғана емес, еліміздің серіктестері де таңдайды. Сіздер ұлттық кезеңде қаламызды намысын лайықты қорғайсыздар деп сенемін. Алматы елдегі кәсіпкерлік дамуының нағыз орталығы, әрқайсыңыз "Қазақстанда жасалған" брендіне үлес қосып отырсыздар», – деді Дархан Сатыбалды.

Байқаудың жеңімпаздары:

  • Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар: «KazMedAspap» ЖШС, «QAZAQ TIGIN FABRIKASY» ЖШС, «IT&M» ЖШС
  • Халық тұтынатын үздік тауарлар: «KSC-PLAST» ЖШС, «PAPIRONE» ЖШС, «Aigul Line» ЖШС
  • Үздік азық-түлік тауарлары: «БИЖАН ет өңдеу зауыты» ЖШС, «Жигалма» ЖШС, «GOJI» ЖШС
  • Арнайы номинация «Сала көшбасшысы – қаланың серіктесі»: «Mega бетон плюс» ЖШС, «Қазлегпром-Алматы» ЖШС, «Астана Моторс» компаниялар тобы, «MARCHALL» ЖШС, «Ай-Ханым» ЖК (Qulpynai), «Le Porte M» ЖШС, «Xfinity Solutions» ЖШС, «Қазақстандық құбыр жүйелері» ЖШС, «TELLI ONDIRIS» ЖШС, «TEPLOSTIL» ЖШС, «BLS GROUP» ЖШС, «City Stone» ЖШС, «Lemonadoff Food» ЖШС, «KNG.PRO» ЖШС.

Өңірлік кезеңнің жеңімпаздары республикалық финалда бақ сынап, «Қазақстанның үздік тауары» атағына үміткер атанады. Іс-шара барысында өнімдер көрмесі, концерттік бағдарлама мен марапаттау рәсімі өтті.

Сонымен бірге «Бір ауыл – бір өнім» жобасы аясында алматылық өндірушілердің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Онда 40-қа жуық шағын және орта бизнес өкілі мен жеке кәсіпкер өнімдерін ұсынды. Жәрмеңке қорытынды бойынша 10 үздік өндіруші анықталып, олар өңірлік Бренд комитетінің іріктеу кезеңіне жолдама алды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Қазақстанның үздік тауары #байқау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда AI Engineering бағдарламасының жаңа легі басталады: оқушылар жасанды интеллект пен жобалар жасайды

Бүгін 19:41

Алматыда жасыл желектерді ауқымды дәрілеу жұмыстары басталды

Бүгін 19:38

Махаббат пен парыз арасындағы тартыс: Алматыда «Шідер» детектив-драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 18:38

Алматыда Жетісу көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:17

Алматыда World Schools Team Championship 2026 Азия кезеңі басталды

Бүгін 17:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика