AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда Қазақстанның болашағы қандай болатыны тал...

Алматыда Қазақстанның болашағы қандай болатыны талқыланды

Барлығы 02.02.2026, 16:59 220
Алматыда Қазақстанның болашағы қандай болатыны талқыланды
сурет: Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметінен

2026 жылғы 31 қаңтарда Қазақстанда жаңа Конституцияның жобасы таныстырылып, ол бірден күн тәртібіндегі негізгі қоғамдық-саяси тақырыптардың біріне айналды. Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында жоба саяси ұрансыз, мән-мағынаға, құндылықтар мен қоғамдағы сұранысқа басымдық берілген сараптамалық форматта талқыланды. Саясаттанушы, қоғам қайраткері, жаңа Конституция жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Марат Шибұтов осы туралы пікір бөлісті.

Оның айтуынша, құжатпен жұмыс істеуді былтырғы күзде қолға алған.  

«Мен парламенттік реформаға қатысты жұмыс тобының құрамында болдым, жаңа Конституцияның мәселесімен де қазан айынан бері айналысып келе жатырмыз. Алдымен парламентке, президент пен үкіметке арналған бөлімдермен жұмыс істедік. Конституция бойынша жұмыс басталған кезде басқа бөлімдерді де қайтадан ой елегінен өткіздік», – деп атап өтті.

Сарапшының айтуынша, Негізгі заңды толық қайта қарағаннан кейін осындай жаңа жоба жарыққа шығыпты.  

«1995 жылғы Конституцияға биыл 30 жыл толады, осы уақыт ішінде оны шамамен жеті рет өзгертті, оның ішінде төрт рет үлкен түзету енгізілді. Негізінен олар президент пен парламентке қатысты еді, ал “Жалпы ережелер” мен “Адам және оның құқықтары” бөлімі іс жүзінде өзгеріссіз қалды. Бұл жолы біз құндылықтар мен басымдықтарға саналы түрде назар аударып, оларды қазіргі заманға сәйкестендірдік», – деді Шибұтов.

Бұрынғы Конституцияның біраз нормасы ескіріп, жаңартуды қажет еткен.

«Хат-хабар алмасу, телеграф деген сияқты көнерген сөздер болды. 49 жылда өзім бір жеделхат жіберіп көрмеппін. Сондықтан Конституцияға құқықтық құжат деп қана қарамай, ондағы мемлекет пен қоғам арасындағы қатынасты, оның құндылықтарын қайта пайымдадық», – дейді саясаттанушы.

Марат Шибұтов жаңа жобаның 1995 жылғы Конституциядан түбегейлі айырмашылығына да назар аударды.

«1995 жылғы Конституция 1994 жылғы саяси дағдарысқа жауап ретінде қабылданып, жас мемлекет арнап әзірленді. 2026 жылғы Конституция – бұл қалыптасқан елдің құжаты. Ол болашаққа бағытталған, мемлекет пен қоғамның дамуы қандай болатынын, неге ұмтылатынымызды және қандай бағытты таңдайтынымызды көрсетеді», – деп түйіндеді ол.

Сарапшылар, азаматтық қоғам өкілдері мен ғылыми қауымдастықтың мүшелері Жаңа Конституцияның жобасын әлі талқылап жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#болашақ #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда көктемгі әскерге шақыру басталды

Бүгін 19:27

Тоқаев: ғылымды қаржыландыру ісіне қатаң тәртіп керек

Бүгін 17:52

Алматыда “Батамен ел көгерер” атты батагөйлер байқауы өтті

Бүгін 17:29

Құндылықтар мен қолдау: отбасы арқылы экстремизм мен зорлық-зомбылыққа тосқауыл

Бүгін 17:14

Қазақстан және дін: догматтар мен адам құқықтарының үйлесімі

Бүгін 17:09
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика