Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматыда қазақстандықтардың психикалық денсаулығын...

Алматыда қазақстандықтардың психикалық денсаулығына қалай қамқорлық көрсетілетіні туралы айтылды

Медицина 12.10.2021, 06:04 1,717
Алматыда қазақстандықтардың психикалық денсаулығына қалай қамқорлық көрсетілетіні туралы айтылды
Сурет: Almaty-akshamy.kz

10 қазанда Психикалық денсаулық күні атап өтілді.


ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы бас директорының міндетін атқарушы Қуаныш Алтынбеков Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде психикалық денсаулық туралы неліктен ашық айту керектігін баяндады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Қуаныш Алтынбеков психикалық денсаулықты байыпты қабылдау қажет екенін атап өтті. Психикалық бұзылыстарды емдеуге болады, және бұл күрделі: мұнда дәрі-дәрмектер, терапия, физикалық белсенділік және тағы басқалар.



«Биыл біз дүниежүзілік Психикалық денсаулық күнін «барлығына психикалық денсаулықты сақтау: мұны шындыққа айналдыру» ұранымен атап өтеміз. Бұл әлемдік қоғамдастықтың күш-жігерін біріктіріп, психикалық денсаулық мәселелеріне назар аударудың орнын толтыра бастауға мүмкіндік береді», - деп атап өтті ҚР Психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының өкілі.



Психикалық ауытқулардың алдын алу, емдеу және мемлекет тарапынан қолдау туралы айта келе, Қуаныш Алтынбеков қазіргі уақытта елімізде 17 өңірлік психикалық денсаулық орталығы, қалалық емханалар құрылымында 82 бастапқы психикалық денсаулық орталығы, аудандық деңгейде 201 психикалық денсаулық кабинеті жұмыс істейтінін хабарлады.


Бұрын 2018 жылға дейін психиатрлар тек психиатриялық ұйымдарда қабылдаған болатын. Енді азаматтар психикалық денсаулық орталықтарына жүгіне алады.


Қуаныш Алтынбековтың мәліметінше, ағымдағы жылдың 9 айында алғашқы психикалық денсаулық орталықтары мен психикалық денсаулық кабинеттеріне келушілер саны 297 464 құрады.



«Халыққа көмек қолжетімді болды, бұл психикалық денсаулық саласында көмек көрсетудің пациентке бағдарланған моделін дамыту болып табылады», - деп атап өтті Қуаныш Алтынбеков.



Ол психикалық ауытқулары бар адамдарға арналған психикалық денсаулық ұйымдарында 735 төсек-орынды күндізг 16 стационадың  жұмыс істейтінін хабарлады.



«Айта кетерлігі, балаларға қолжетімді көмекті дамытуға көп көңіл бөлінеді. Мәселен, соңғы жылы балаларға арналған 65 төсек-орынға арналған күндізгі стационардың 3 бөлімшесі құрылды, Қарағанды облысында және Шымкент қаласында ауысымына 20 келуден балаларға арналған медициналық-әлеуметтік оңалтудың екі бөлімшесі ашылды, Денсаулық сақтау ұйымдарында балалар психиатрларының саны 2017 жылғы 65-тен 2021 жылы 97-ге дейін, яғни 67%-ға ұлғайды», - деді Қуаныш Алтынбеков.



Жыл сайын дәрігерлер жаңа бастаған психиатрлармен толығады. Мысалы, 2021 жылы резидентураны бітірген 124 психиатр дәрігер жұмысқа кірісті. 2022 жылы резиденттер түлегі 98 маманды құрайды.


Жалпы, Қуаныш Алтынбековтың пікірінше, қазақстандықтар психиатриялық көмектің сапалы қызметтерін еркін пайдалана алады. Алайда, COVID-19 пандемиясы медициналық ұйымдар мен әр адамның жоспарларына түзетулер енгізді.



«Өткен жылдың 4 сәуірінен бастап елімізде интернет платформа жұмыс істейді https://onlinehealth.kz БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) қолдауымен ДСМ республикалық Психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған, онда консультациялар (онлайн), жазбаша сұрақтарға жауаптар қолжетімді, өзіне-өзі көмек көрсету бойынша ақпарат қамтылған, сондай-ақ психикалық денсаулық мамандарына, оның ішінде мектеп психологтарына қиын жағдайларда көмек көрсету үшін ресурстар бар», - деді Бас директордың міндетін атқарушы.



Осы уақыт ішінде сайтқа 80 мыңнан астам пайдаланушы келді, олар 250 мыңнан астам кіруді жүзеге асырды, 400-ге жуық толық онлайн консультациялар өткізілді, ұсынымдар бере отырып, 200 жазбаша өтініш қаралды.


Сонымен қатар, платформада мамандардың қатысуымен вебинарлар өткізіліп, мектеп психологының тәжірибесінде күрделі нақты жағдайларды талдау жүргізіледі. Вебинарлар жазбалары Youtube-те QAZAQSTAN Dental center арнасына орналастырылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Қазақстан #психика #қамқорлық #денсаулық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Кеше 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Кеше 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Кеше 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика