Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда «Қазақстандықтар» ұйымдасқан қылмыстық то...

Алматыда «Қазақстандықтар» ұйымдасқан қылмыстық тобының жетекшілері ұсталды

Заң мен тəртіп 15.02.2022, 13:21 1,188
Алматыда «Қазақстандықтар» ұйымдасқан қылмыстық тобының жетекшілері ұсталды
Суреттер: Inform.kz

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті ІІМ-мен бірлесіп «Қазақстандықтар» ұйымдасқан қылмыстық тобының (ҰҚТ) жетекшілерін ұстады


ҰҚК ІІМ-мен бірлесіп, Алматы қаласында және Алматы облысында бұрынғы спортшылар мен бұрын сотталған адамдардан тұратын «Қазақстандықтар» ҰҚТ-ның құқыққа қайшы әрекетінің жолын кесу бойынша ірі ауқымды арнайы операция жүргізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Топтың ұсталған алты мүшесінің Алматы өңірі аумағындағы көптеген қылмыстарға (қорқытып тартып алу, қарақшылық, озбырлық, бұзақылық, кәсіпкерлерге криминалдық қамқорлық, мал ұрлығы) қатысы бар. Күдіктілерді ұстау және тұрғылықты жерлерін тінту барысында 4 бірлік атыс қаруы, 177 оқ-дәрі, 7 граната, арнайы құралдар, сондай-ақ ү.ж. қаңтарда мародерлікке қатысқандарын растайтын заттар (радиостанциялар, «ПР» дубинкалары, броньды кеудеше) тәркіленді. Ұсталғандар ҚАЖД 8-ТИ және ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаментінің тергеу изоляторларына қамалды. ҚР ҚК 287-бабының 3 және 4-бөліктері (атыс қаруын, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша қылмыстық істер қозғалды.



Жедел тергеу іс-шаралары кешенінің нәтижесінде топ мүшелері ҰҚТ мүшелеріне тиесілі қаруы бар «көмбелерді» көрсетуге ойысты. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында екі «көмбе» анықталып, олардан 44 бірлік атыс қаруы және 3 бірлік суық қару, сондай-ақ 20 бірлік оқ-дәрілер алынды. Алынған қару-жарақты, сондай-ақ оларды қаңтар оқиғаларында қолдануды сәйкестендіру бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр.


Жедел тергеу іс-шаралары жалғасуда.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қылмыстық топ #ұйымдасқан #жетекшілері
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Таза Қазақстан»: Ұлттық ұлан әскери қызметшілері сенбілікке белсене қатысты

Бүгін 18:49

Қала тазалығы – ортақ жауапкершілік: Алматыда мәдениет саласының өкілдері сенбілікке белсенді қатысты

Бүгін 16:55

Алматылықтар «Желтоқсан» саябағында сенбілікке қатысты

Бүгін 14:45

Болашақтың саясында өткен мереке: Алматыда «Тамырлас» жобасы басталды

Бүгін 14:19

ІІМ басшысы Сәденов Алматыдағы жол апатына қатысты бірқатар мәлімдеме жасады

Бүгін 14:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика