AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда Қазақстанда туберкулезден болатын өлім-жі...

Алматыда Қазақстанда туберкулезден болатын өлім-жітім 5 есеге азайғаны айтылды

Барлығы 24.02.2026, 11:54 507
Алматыда Қазақстанда туберкулезден болатын өлім-жітім 5 есеге азайғаны айтылды
Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметінен

Соңғы он жылда Қазақстанда туберкулезден болатын өлім-жітім 5 есеге төмендеді. 2014 жылғы 100 мың тұрғынға шаққанда 4,9 жағдайдан 2025 жылы 0,9 жағдайға дейін азайған, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Осы кезеңде аурудың таралуы 2,5 есеге қысқарып, 100 мың тұрғынға шаққанда 105,9-дан 38,9-ға дейін төмендеді. Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Туберкулез» компоненті бойынша Жаһандық қор грантын іске асыру тобының менеджері, медицина ғылымдарының докторы, профессор Шахимұрат Исмаилов осылай деді.

Спикердің айтуынша, Ұлттық туберкулезге қарсы бағдарламаны жүйелі түрде жүзеге асырып, замандық молекулалық-генетикалық диагностика әдістерін енгізіп, туберкулезге қарсы тиімділігі жоғары жаңа препараттарды қолданып, профилактиканы күшейткеннің арқасында осыған қол жеткізіпті.

«Қазақстанда туберкулезді анықтаудың жедел молекулалық-генетикалық әдісін енгізіп жатыр, тиімділігі жоғары жаңа препараттар қолданылып, профилактика жағы да жетілді. Бұл бізге END TB стратегиясының мақсатына сенімді түрде ілгерілеуге мүмкіндік береді», - деді Шахимұрат Исмаилов.

Ол туберкулезбен күреске салынған инвестициялар медицинаға ғана емес, экономикалық тұрғыдан да тиімді шешім екенін атап өтті.

«Туберкулезбен күреске салынған инвестиция – стратегиялық әрі экономикалық тұрғыдан негізделген шешім. Туберкулезбен күреске салынған әр доллар медицина саласы үшін 43 АҚШ доллары көлемінде экономикалық пайда әкеледі. Ұлттық бағдарламаны тұрақты қаржыландыру денсаулық сақтау жүйесін тұтастай нығайтуға ықпал етеді», - дейді спикер.

Туберкулезге қарсы іс-шараларды негізінен мемлекет қаржыландырады. Бұл шамамен 96-97 пайыздай болады. Жаһандық қор жобаларының үлесі 3-4 пайыз болып, озық халықаралық тәжірибелерді енгізуге ықпал етеді.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда 2026-2028 жылдарға арналған «Туберкулез» компоненті бойынша Жаһандық қордың жаңа грантын іске асыру басталды. Гранттың жалпы сомасы 6,23 млн (АҚШ) доллар болады. Қаражат зертханалық диагностиканы дамытуға, үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін қолдап, туберкулезді анықтау мен диагностикалауда жасанды интеллект технологиясын енгізуге, қоғамдық бақылауды кеңейтіп, операциялық зерттеулер жүргізуге бағытталады.

Шахимұрат Исмаиловтың айтуынша, аталған іс-шараларды іске асыру Қазақстанға 2035 жылға қарай туберкулезді жою жөніндегі жаһандық мақсатқа жақындауға мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);