AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өт...

Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтті

Алматы Бүгін 14:36 44 Сұлу
Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтті
Алматы әкімдігі

Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күніне орай қаланың барлық ауданында мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды. Рухани бірлікті, мәдениет пен дәстүрдің сан алуандығын дәріптейтін бұл күн мыңдаған тұрғын мен қала қонақтарының басын қосты, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Абай алаңында өткен басты мерекелік іс-шараға қала әкімі Дархан Сатыбалды қатысты.

Іс-шара бағдарламасы әсерлі бейнешоу мен барабаншылардың қойылымымен ашылып, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Маржан Арапбаеваның орындауындағы «Қазақ елі осындай» әнімен жалғасты.

Жалпы мереке аясында 40-тан астам мәдени-көпшілік іс-шара өтті. Сахнада отандық өнерпаздар мен шығармашылық ұжымдар, сондай-ақ шетелдік қонақтар, оның ішінде Қырғызстанның «Komuz beats» тобы өнер көрсетті.

Алаңда этномәдени бірлестіктердің көрме шатырлары тігіліп, қалада тұратын түрлі этнос өкілдерінің мәдениеті мен салт-дәстүрлері таныстырылды.

Қала әкімі көрмелерді аралап, этномәдени бірлестіктердің қоғамдық келісімді нығайтудағы рөліне тоқталды.

Алматы — түрлі этнос өкілдері өзара сыйластық пен келісімде өмір сүретін қала. Бұл тұрақты дамудың берік негізі.

Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламалар мен шығармашылық ұжымдардың өнер көрсетуімен жалғасын тапты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Бірлік күні
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қонақжайлықтың жарқын көрінісі: Алматы әуежайында Бірлік күніне арналған акция өтті

Бүгін 15:03

Алматыдағы Тұңғыш Президент саябағында бірлік күнін дәріптеген фестиваль өтті

Бүгін 14:29

Бірлік бар жерде - тірлік бар: Алмалы ауданы бірлік күнін Сайранның жағасында қарсы алды

Бүгін 14:25

Алматының Әуезов ауданы халық бірлігі мерекесін қалай атап өтті

Бүгін 14:23

Қазақстандағы ұлттар туралы мәлімет жарияланды

Бүгін 12:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика