AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматыда қатты күйіп, зардабын тартқан балаға біре...

Алматыда қатты күйіп, зардабын тартқан балаға бірегей реконструктивті ота жасалды

Медицина 04.02.2026, 12:13 427 Нұржамал ӘЛІШ
Алматыда қатты күйіп, зардабын тартқан балаға бірегей реконструктивті ота жасалды
сурет: автордан

Алматының №2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасында қол, мойын және кеуде тұсы қатты күйіп қалып, соның ауыр зардабын тартып келе жатқан балаға жасалған аса күрделі бірегей ота сәтімен аяқталды. 

Операция туа біткен және жүре пайда болған патологиясы бар балаларға арналған реконструктивті хирургия бойынша халықаралық «шеберлік сабағы» шеңберінде жүзеге асырылды. Оны Samruk Kazyna Trust корпоративтік қорының қолдауымен «Ерікті қайырымдылық қоғамы» қоғамдық қоры ұйымдастырды.

Науқас 1 жас 8 айлық. Осыдан сегіз ай бұрын үстіне қайнаған су төгіліп, қатты күйіп қалған. Нәтижесінде оң қолында, кеудесінде және мойында айтарлықтай тыртықтар пайда болып, оң қолдың білезік буын мен бас бармағы тыртыққа тартылып шығып кеткен, саусақ қозғалыссыз.

№2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасының травматолог-ортопед дәрігері Ұлжан Солтанбекова түсіндіргендей, мұндай хирургиялық араласулар көп жағдайда күйіктен 6 ай өткеннен кейін, тыртық тұрақталғанда жасалады. Осылайша, бұл жолы ота күйіктен сегіз ай өткен соң жасалды. Бірақ кейде аяқ-қолдың жұмысын ертерек қалпына келтіру қажет болады. Өйткені уақыт өте келе сіңірлердің, тамырлар мен нервтердің қысқаруы, буындардың деформациясы және сүйектердің қисық өсуі  байқалады. Ал одан кейінгі хирургиялық емдеу айтарлықтай көлемді, бірнеше реттік және күрделі болуы ықтимал.
Ота кезінде дәрігерлер кішкентай науқастың тыртық тінін алып тастап, бас бармағын түзетіп, қалпына келтірді. Пайда болған тері ақауын жабу үшін кәрі жілік артериясымен қанданатын тері жылжытылды. Донорлық аймақ шат аймағынан алынған терімен жабылды.

Қазір баланың жағдайы тұрақты. Келесі айда дәрігерлердің бақылауында болады, ал қолы 3-4 апта бойы гипспен бекітіледі. Қажет болса, болашақта сыртқы түрін, эстетикалық нәтижесін жақсарту үшін қосымша түзету отасы жасалуы мүмкін.
Сарапшылар осындай күрделі оталар хирургтың жоғары біліктілігі мен үлкен тәжірибесін қажет ететінін атап өтті. Мұнда кәрі жілік нервтің жақын орналасуына және артерияның ота үстінде дұрыс бөліп алу күрделілігіне байланысты аса сақтық, дәлдік қажет.

Күрделі отаны №2 БҚКА-ның дәрігерлер тобы ресейлік жетекші маман – пластикалық және қол хирургы Сергей Иванович Голянның басшылығымен жүргізді.

«Мұндай халықаралық «шеберлік сабағына» қатысу алматылық дәрігерлерге заманауи емдеу әдістерін жетік меңгеруге және клиникалық тәжірибеде біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді. Біздің мамандар алдағы уақытта заманауи микрохирургиялық технологияларды қолдана отырып, осындай реконструктивтік оталарды өз бетінше орындап, қазақстандық балаларға көмектесе алуға қауқарлы. Біз үнемі инновациялық технологияларды үйренуге, дамуға және осы бағытта алға жылжуға ұмтылатын боламыз», – деп атап өтті №2 БҚКА директоры Марат Рабандияров.

Отадан басқа, осы «шеберлік сабағы» шеңберінде 20 пациентке МӘМС аясында тегін кеңес берілді. Алматы және Қазақстан өңірлерінің медициналық ұйымдарынан 15 маман біліктілігін арттырып, тәжірибе алмасудан өтті. 
Мұндай «шеберлік сабақтары» ауыр диагнозы бар балаларға шетел аспай-ақ халықаралық деңгейдегі жоғары технологиялық медициналық көмек алуға мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#медицина #балалар клиникасы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы мамырда өтетін мерекелерге дайындалып жатыр: Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған мәдени іс-шаралар бағдарламасы

Бүгін 13:24

Парламентте жануарларға жауапкершілікпен қарау заңы қабылданды

Бүгін 12:12

 Almaty Hub-та Waze және Moovit негізін қалаушы Uri Levine воркшобы басталды

Бүгін 11:57

Алматыда шетел азаматтарына бақылау күшейді

Бүгін 11:09

Алматы қаласында «AMANAT» партиясының «QAISAR» партиялық жобасы аясында «Сарбаз болғым келеді» атты әскери-патриоттық акция өтті

Бүгін 10:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);