AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда қару сатқан полицейлер сотталды

Алматыда қару сатқан полицейлер сотталды

Заң мен тəртіп 19.05.2025, 17:27 1,031
Алматыда қару сатқан полицейлер сотталды
Cурет: ІІМ

Полицияның 3 қызметкеріне үкім шықты, олар қару мен оқ-дәрілерді ұрлады деп айыпталды, деп хабарлайды aqshamnews.kz  Бостандық аудандық сотына сілтеме жасап.

Алматы қалалық полиция департаментінің қызметкерлері есептен шығарылған 50-ге жуық қаруды ұрлап, оларды заңсыз сатқан.

Оның ішінде Калашников автоматы, мылтық, Макаров тапаншалары, гранаталар мен әртүрлі калибрдегі оқ-дәрілер болған.

Сот үкіміне сәйкес, бұл қылмыстық схемаға Тыл басқармасына қарасты әскери және арнайы қамтамасыз ету бөлімінің аға инспекторы М.Ж., Полиция департаментінің криминалисті М.Ш. және жүргізуші Н.А. қатысқан. Олар жоюға арналған қаруды жүйелі түрде ұрлап, сатқан деп танылды.

"Тергеу барысында анықталғандай, Тыл басқармасына қарасты бөлімнің аға инспекторы сот істері бойынша айғақ зат ретінде сақталған немесе тәркіленген атыс қаруларын алдымен заңды түрде есептен шығарған. Жойылуы тиіс қарулар шын мәнінде ұрланған. Қалған екі әріптесі (екеуі де ПД қызметкерлері) бұл қарулардың зауыттық нөмірлерін жойып, бояп немесе өзгертіп, сатқан. Кейін полиция қызметкері олар жойылды деген жалған ақпаратты ресми тіркеулерге енгізіп отырған", - делінген сот хабарламасында.

Бостандық аудандық сотының үкімімен 3 айыпталушы да жүйелі түрде қару ұрлап, сату ісі бойынша кінәлі деп танылды. Схеманың ұйымдастырушысы - Полиция департаментінің аға инспекторы М.Ж. 8 жылға, криминалист - 5,5 жылға, жүргізуші - 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

"Қызметтік өкілеттіктерін пайдаланып, олар бірнеше мәрте алдын ала сөз байласу арқылы атыс қаруы мен оқ-дәрілерді ұрлаған. Бұл қарулар айғақ зат ретінде арнайы қоймаға тапсырылған. Олар бұл қаруларды заңсыз айналымға шығарған, қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпке қарсы әрекеттер жасаған, сондай-ақ мемлекеттік қызмет пен басқару мүддесіне қарсы ауыр қылмыстар жасаған", – делінген сот үкімінде.

Полицейлер арнайы шендерінен айырылып, екеуіне мемлекеттік қызметте өмір бойы жұмыс істеуге тыйым салынды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#полиция #Алматы #қару
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);