Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Алматыда қаржы пирамидасы бойынша тағы екі айыптал...

Алматыда қаржы пирамидасы бойынша тағы екі айыпталушы қамауға алынды

Оқиға 18.12.2021, 10:04 1,114
Алматыда қаржы пирамидасы бойынша тағы екі айыпталушы қамауға алынды
Cурет: Polisia.kz

Барлығы сегіз күдікті әшкереленді


Алматыда қаржы пирамидасы бойынша тағы екі айыпталушы қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz. 
«MUDARABAN CAPITAL» компаниясының тағы екі қызметкері қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікпен ұсталды. 



«Бұл компанияның негізін қалаушы 1988 жылы туған Ж.есімді азамат және басқарма төрағасы қызметін атқарған 1983 жылы дүниеге келген Р.есімді азамат. Олар ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы бойынша ұсталды және Алматы қалалық ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деді Алматы қалалық ПД бастығының орынбасары Рүстем Әбдірахманов. 



Естеріңізге сала кетейік, қылмыстық іс Алматы қалалық Полиция департаментінде бір топ азаматтардың «ASTEX.KZ» ЖШС, «ACD Technology» ЖШС лауазымды тұлғаларына қаржылық пирамида құру және басқару фактісі бойынша ұжымдық арыз жазуларына байланысты тіркелген болатын (ҚР ҚК-нің 217 бабы).



«2019 жылдың ақпанынан 2021 жылдың қаңтарына дейінгі аралықта аталған ЖШС-нің лауазымды тұлғалары жеке және заңды тұлғалармен мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін қажет деп болжанатын қаражатты тарту бойынша бірлескен қызмет туралы келісімдер жасасқаны анықталды, екіжақты құжатқа сәйкес фирмалар әрбір салымшыға салынған салым сомасының 20 пайызын ай сайын төлеуге міндетті болған. «ASTEX.KZ» ЖШС-не 162 салымшының екі миллиард теңгеден астам қаражаты басқа компания – «MUDARABAN CAPITAL» ЖШС арқылы түсіп отырған. Осы қылмысты жасағаны үшін барлығы сегіз күдікті әшкереленді, олардың алтауы соттың санкциясымен қамауға алынды, біреуі іздеуде, тағы біреуі үйқамақта», – деді Рүстем Әбдірахманов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#қылмыс #пирамида #алаяқтық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика